MUSTB тобы: «Қазақстандағы жанкүйерлермен кездесуді асыға күтудеміз»

Қазақстанға K-pop айдолдары келеді деген хабарды естіген жанкүйерлердің қуанышында шек жоқ. 23 маусымда Алматыда өтетін шоу-кейс фестиваліне қатысушылардың қатарында көңілді хип-хопты орындайтын MUSTB тобы да болады.

Бір қызығы, K-pop жас субмәдениет өкілдері қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған жанның жүрегін жаулап алды. Олардың саны үнемі өсіп те келеді. Әлемнің кез келген елінде және кез келген ақшаға K-pop жұлдыздарының концерттеріне билеттер бірнеше минутта сатылып кеткенін айтсақ та жеткілікті. Біздің елде де дәл сондай жағдай орын алды. Небәрі 10 минуттан сәл астам уақыт ішінде екі мың билет сатылып кетті. Алматыда бірнеше талантты топтар Korea Spotlight фестиваль-витринасында өнер көрсетеді, олардың ішінде The Solutions, MUSTB, W24, жеке орындаушы Кису және фестивальдің хедлайнері, халықаралық мойындалған кумир DPR IAN бар.

Бір қызығы, мұндай концерттер әрқашан мейірімге толы. K-pop идолдарының аудиториясы негізінен жасөспірімдер мен жастар. Бірақ олардың ата-аналары балаларын қойылымдарға толық сеніммен жібере алады. Әртістердің өздері де, олардың жанкүйерлері де алкогольді, есірткіні қолданбайды, қоғамда ерсі қылықтарымен көзге көрінген жоқ. Сонымен қатар, K-pop идолдарының келісім-шарттары мен олардың идеологиясы тек сахнада ғана емес, одан тыс жерде де мінсіз мінез-құлықты білдіреді. Жұлдыздар жан мен тән сұлулығын, олармен бірге салауатты құндылықтарды, яғни еңбексүйгіштік, әдептілік, сыпайылық, үлкенді сыйлау және отбасына қамқорлық көрсетуі керек. Соңғысы, байқасаңыз, Оңтүстік Корея мәдениеті Қазақстан тұрғындарына және ТМД-ның көптеген халықтарына өте жақын.

Дегенмен, кез келген K-pop әртісімен сөйлесу жеткілікті, бұл жігіттердің қаншалықты сүйкімді екені белгілі болады. Олар өте қарапайым, ашық мінезімен басқалардың назарын өзіне тартады.

MUSTB тобы бұл «өзіміздің ауланың жігіттері», олардың жаны романтикаға толы. Олар әлемдегі басты тақырып махаббат екеніне сенімді. Топ мүшелерін қысқаша таныстырып өтейік. Taegeon жапон тілінде сөйлейді және жақсы сурет салады, Wooyeon жолдастарының ішіндегі ең бойы ұзын жігіт (185 см). Оның есімі «Әлемді сұлулықпен толтыр» дегенді білдіреді. Doha керемет вокалы бар, жігіттер оны топтағы ең жылы адам дейді. Soohyun бір кездері Канадада оқып, 6 жыл хоккей ойнаған. Sihoo 1Million Studio-да биші болды және BTS’ Idol үшін қосалқы биші болып жұмыс істеді. Ол заманауи биді өте жақсы біледі.

Жігіттердің қаншалықты эмоционалды екенін олардың жауаптары арқылы бағалауға болады (біз тыныс белгілері мен эмодзилерді сақтаймыз):

Сәлем, жігіттер! Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан жанкүйерлері сізді асыға күтіп отырғанын білесіздер ме?

 

(TAEGEON)

— Бұрын барған мекен болғандықтан, көп адамдар бізді сағынып, күтіп жүргенін білемін

(WOOYEON)

— Бізді асыға күтіп отырса, менің де оларға тезірек жеткім келеді! Жанкүйерлерге үлкен сәлем айтыңыз, біз сізді жақын арада көрісеміз! Біз концертпен келген едік, сондықтан жаңа кездесуді асыға күтудеміз.

(DOHA)

— Менің де қуанышымда шек жоқ! Мен де жақын арада кездесуді 💕 асыға күтемін! Соңғы рет біз қыста болған едік, өте әдемі мекен еді. Менің жадымда дәл осылай қалды☺️ Бұл жолы жаз маусымында бару бақыты бұйырды, сондықтан да тағы жүздескім келеді.

(SOOHYUN)

— Керемет хабарды естігенімізге өте қуаныштымыз. Себебі, сіздің елге тағы да баруға деген ниетіміз арта түсті. Біз Қазақстанда алғаш рет 2019 жылдың қысында болдық, бірақ ауа-райы өте суық және қар көп болғаны есімде және стейк шынымен өте дәмді болды.

 (SIHOO)

– Иә, біз де сіздермен кездесуге дайындалып жатырмыз. Мен сізге жақсы өнер көрсетуге бар күшімді саламын. Мен сіздердің мекенге бір мәрте ғана бардым, бірақ қазақтың салт-дәстүрінен хабарым аз. Сондықтан мен осы мүмкіндікті пайдаланып, көп нәрсені өз көзіммен көріп, жаңа нәрсе үйренгім келеді! Мен Алматы таулары өте танымал екенін білемін. Біз 2019 жылы Рождество мерекесінде болдық. Ұлпалап жауған қардың көрінісі сондай әдемі болғаны есімде.

Қазақстан халқынан алған әсерлеріңіз қандай?

(WOOYEON)

Олар сондай мейірімді, ерекше жылулықты сезіндім.

(DOHA)

— Иә, олар өте ақ көңіл әрі кең пейілді! ☺️

(SIHOO)

— 2019 жылы болған концертте көптеген адамдармен таныстым. Менде жақсы естеліктер қалды. Өйткені барлығы бізге мейірімді болды және бірден жақсы көріп кетті. Мен тағы да концертпен келетініме өте қуаныштымын.

Айтпақшы, жігіттер, сіздер білесіз бе, қазақстандық азаматтар шетелде жүргенде көбісі оңтүстік кореялықтар деп қателеседі?

(WOOYEON)

— Солай ма?! Бір бірімізге жақын болғанымыз өте жақсы! Мұны жүрек байланысы деп айта аламыз ба?💕

(DOHA)

— Бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын! Бірақ мен Қазақстанға соңғы рет келгенімде бір-біріне ұқсайтын, азиялық келбеттегі адамдар көп екенін байқадым.

 (SOOHYUN)

— О, бұл туралы білмеген едім! Өте таң қалып отырмын. Мен алдағы сапарымда оған назар аударуға тырысамын.

(SIHOO)

— Мен де білмеген екенмін! Өте қызықты әрі таң қаларлық жағдай! Алдағы сапарымда корейлерге ұқсайтын қазақстандықтармен танысқым келеді.

 Концерттен кейін уақытыңыз болса, біздің қалада тағы қандай жоспарларыңыз бар?

(WOOYEON)
— Әзірге еш жоспар жоқ! Уақыт болса, міндетті түрде жергілікті тағамдардан ауыз тиіп, көрікті мекендерді аралайтын боламыз 😆

 (DOHA)

Үлкен Алматы көлін көргім келеді! ☺️ Меніңше, ол өте ерекше мекен!

(SOOHYUN)

Бұл сапарымыз, өкінішке орай, өте аз уақыт болады. Бірақ, мүмкіндік болса, белгілі көрікті мекендерді көргім келеді.

(SIHOO)

Жоспар жоқ! Жақсы өнер көрсеткеннен кейін, мүмкіндік болса, Ұлттық мұражайға барғым келеді!