«Face of Kazakhstan 2023» жеңімпаздары анықталды

Маусым айының басында Шымкент қаласындағы «Тәуке Хан Плаза» қонақүйінің мәжіліс залында «Face of Kazakhstan 2023» байқауы өтті. Байқауға 17 модель қатысты.
«Face of Kazakhstan 2023» байқауының қазылар алқасының құрамында Asia Model Festival жобасының жетекшісі Ли Чан Ён, Sulumodels модельдік агенттігінің жетекшісі, жобаның халықаралық директоры Әбілдаева Ақжамал, дизайнер Оксана Утелбаева, Face of Shymkent 2019 жеңімпазы Наркулова Ясмин, визажист Нұрланкина Лаура, Lexus Center Shymkent директоры Нұрсұлтан Есмурзаев болды.
SULUmodels модельдік агенттігі «Face of Kazakhstan 2023» шарасының бас демеушісі болды.

Серіктестер: Tauke Khan Plaza қонақ үйі, Visit Shymkent туристік орталығы, Sandyq мейрамханасы, Lexus center Shymkent дилерлік орталығы, Luxury cvety гүл орталығы, ÕZGEPIC медиапорталы.

Байқау жеңімпаздары: Әбдуәли Әсел, Зұлпыхар Әлихан және Ақтаева Лаура. Олар Орталық Азияның жыл сайынғы үздік үлгілері Face of Central Asia іріктеуінде Қазақстан атынан қатысуға барады.
2023 жылдың қазан айында өтетін Орталық Азияның Face of Central Asia байқауында жеңіске жеткен модельдер Азия моделі фестивалінің финалдық байқауына қатысады.
Face of Central Asia 2006 жылдан бері Сеулде өткізіліп келе жатқан және ең ірі әрі беделділердің бірі болып табылатын модельдер арасындағы халықаралық байқауы Asia Model Festivalының жартылай финалы деп айтуға болады. Финалистер әлемдік брендтерден жарнамалық акциялар, фото және бейне түсірілімдер бойынша ұсыныстар алады.
Asia Model Festival әлемнің 127 елінде тікелей эфирде көрсетіледі.
Жыл сайын Азия моделі фестивалінің финалында Кореяның модельдік бизнес қауымдастығы 5000-нан астам көрерменді жинайтын үлкен шоу көрсетеді.