Сәтбаев қаласының тұрғынына 90 миллион теңгеге заңсыз темекі сатпақ болған

Сәтпаев қаласының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді. Ол айтарлықтай мөлшерде акцизделетін темекі өнімдерін есепке алу маркасыз сақтаған және өткізген.

Бұл деректі ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.

Оқиға орнын тексеру, сондай-ақ тінту нәтижелері бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгеден астам түрлі маркадағы 140 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылып, көлеңкелі айналымнан алынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201 бапқа сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.