Жаңа номадтарға арналған жол талғамайтын TANK 500 премиум көлік таныстырылды
Жаңа номадтарға арналған жол талғамайтын TANK 500 премиум көлік
Алматыда жол талғамайтын TANK 500 премиум көліктің презентациясы өтті. Таңғажайып автокөлікті «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін брендтің ресми дистрибьюторы таныстырды.
TANK 500 – қытайлық Great Wall Motor концернінің қосалқы брендінің флагман үлгісі. Бұл көлік премиум автокөліктің классикалық стандартына сай. Концерн үздік техника арқылы әзірленген. Оған қоса жол талғамайтын көліктің сипаттаммасы да ерекше.
Көлік артықшылықтарының үйлесімі презентация форматын айқындай түсті. Іс-шара әлемді танитын, туған жерінің сұлулығын сүйетін, салт-дәстүрді ұстанатын, трендтер мен заманауи технологиялардан қалыс қалмайтын, жайлылықты бағалайтын, премиумды таңдайтын қазіргі заманның жаңа номадтарына арналады.
TANK 500 көлігін ең бірінші сатып алған Бақытбек Құрманалиев презентацияның құрметті қонағы болды.
«TANK 500 туралы Telegram-арналардың бірінен білдім. Онда «жаңа автокөлік таныстырылады, көлік ерекше қасиетке ие» деп айтылған екен. Сипаттамасы мен суреттері таңғалдырды: шынымен де, жайлылықтың, қуаттың, қауіпсіздік пен технологияның жаңа деңгейі. Көптен бері көлік айдап жүрген адаммын, сондықтан айтылған әр параметрдің қаншалық маңызды екенін жақсы білемін. Бірегей дизайны да, материалдың сапасы да өндіруші мен дилерге деген сенімді арттырады! Осылай, TANK 500-ді сатып алуға бел будым. Автокөліктің ең алғашқы сатып алушысы болғаныма да қуаныштымын», — дейді Бақытбек Құрманалиев.
TANK 500 – жақтауы бар әрі классикалық жол талғамайтын көлік. Оның капотының астында 299 л.с. және 500 Hм айналу моментін беретін, алты цилиндрлі, үш литрлік бензин турбомоторы бар. Оған қоса автоматты тоғыз сатылы берілу қорабы бар. Трансмиссияны тиімді пайдалану үшін инженерлер жол жағдайына байланысты өзгертуге болатын жүргізудің 11 әдісін әзірледі. Күнделікті уақытта көліктің артқы жетегі істейді, жол нашар болса, толық жетегін қосуға болады. TANK 500-дің екі топтамасы бар: Premium және Tech Plus.
Tech Plus өз иесіне брендтің техникалық мүмкіндіктерін максимал түрде береді, ал Premium өз иесінің эмоциясына көп көңіл бөледі: салонның интерьері, аудиожүйе класы, «көмекшілер» топтамасы, автопилотқа дейін бір-ақ қадам.
«Great Wall Motor TANK 500 брендінің концепциясын «мінсіз жол талғамайтын көлік» деп көрсеткен соң журналистер мен блогер оның техпараметрін жан-жағынан шолып, талдап шықты: жақтауы берік, корпус толық металдан, ауыр болаттан жасалған, «жоғары деңгей» және «супер» қасиеттерін таңға дейін тізіп айтуға болады. Сондықтан бүгін бәріміз өзімізге көліктің сырт көрінісіне сүйсінуге рұқсат бердік: салоны құдды бір VIP-круизге немесе релакс мерекеге тап болғандай сезім сыйлайды, ал сырт көрінісі имижіңізді байсалды әрі табысты кәсіпкер етіп көрсетеді», — дейді автоблогер Тимур Мұстафаев.
Презентацияға жаңа автокөлікпен танысуға көп адам барған: танымал актерлар мен блогерлер, TANK 500-ге алдын ала тапсырыс беріп, өз көлігін күтіп жүрген сатып алушылар және модельмен енді ғана танысып жатқандар. Бәлкім, бұл адамдар TANK 500 сияқты серікке мұқтаж «жаңа номадтар» шығар.
«Маған осындай «тәкаппар», «мінезді» люкс көлік ұнайды. Бас кейіпкер мықты әрі сәнді. «500, TANK 500 ғой» деп жар салғың кеп тұрады», — дейді блогер Салтанат Лесбек.
Әзірше автокөлікпен алматылықтар ғана «жүзбе-жүз» танысты. Дегенмен автотасымалдаушылар аймақтағы дилер орталықтарына жол тартып кетті. Себебі нағыз көшпенділердің тарихы саяхаттан басталады емес пе?!
«Әр көлік бір нәрсемен ассоцацияланады. Кейде жарнамадағы дүние есте қалады: махаббат, отбасы, шытырман оқиға. Ал бүгін TANK 500 тарихы, жаңа номадтардың тарихы айтылды. Тамаша!» — деді актер Ерден Телемісов.
TANK 500 көлігімен танысқысы немесе онымен қайта қауышқысы келетіндер оны жақында ресми дилер орталықтарынан көре алады!
TANK 500-ді таңдап, өзіңіздің 500 жұлдызды үлкен саяхатыңызға аттаныңыз!