200 астам азамат алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілік тартылды
Қызылорда облысының 200 астам тұрғыны алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілік тартылды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындарымен онлайн-кездесуінде белгілі болды. Іс-шарада Бекболат Молдабеков мемлекет заңнамасындағы өзгерістер, Әділет органдарының қызметі, сонымен қатар сот орындаушыларының алимент өндіріп алуы туралы хабарлады.
Вице-министр айтуынша, Қызылорда облысында алимент бойынша 14 мыңнан астам атқарушылық іс бар.
«Осы жылдың 6 ай ішінде Қызылорда облысында алимент төлеу жөніндегі сот актілерін орындамағаны үшін 263 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарына қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 25 ұсыныс жіберілді. Ал 2 іс бойынша сот айыптау үкімін шығарды. Сонымен қатар, 1500 борышкерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға уақытша тыйым салынды», — деді Бекболат Молдабеков.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Қызылорда облысының тұрғындары Digital Justice – Цифрлық Әділет жобасы аясында іске асырылған мобильді қосымшаларды белсенді пайдаланатыны белгілі болды.
Мәселен, Қызылорда облысының мыңнан астам тұрғыны мобильді қосымша арқылы некелерін тіркеді, үш мың туу туралы куәлік алды, 484-ке жуық ЖШС тіркеуге өтінім берілді.
Министрлікпен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Digital Justice» жобалар портфелі іске асырылуда. Онда келесі жобалар: «Цифрлық нотариат», «Е-заң көмегі», «Аттестаттау реинжинирингі», «е-атқарушылық іс жүргізу» және «Онлайн дауыс беру және МИБ тіркеу» жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда, мобильді қосымшаларда қол жетімді 32 қызметтер, оның ішінде 28-і EgovMobile арқылы іске асырылды, 4 қызмет банктердің мобильді қосымшалары арқылы қол жетімді.