Рудный ЖЭО алдағы маусымда сенімді жұмыс істеуге күш салып жатыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ филиалы – «Электр станция» (ЖЭО) нысанына баспасөз турын өткізді. Қатысушылар алдағы жылыту маусымына Рудныйды сенімді жылумен қамтамасыз ету қамындағы жұмыстың ауқымын бағалады.
Баспасөз турына Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Ақан Ташпанов, БАҚ өкілдері қатысты. Электр станцияның операциялық директоры Василий Новоселов жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының және жалпы инвестициялық бағдарламаны орындау шараларының қорытындыларын ұсынды. 2023 жылы бөлінген бұл мақсатқа – 937,1 млн. теңге бөлінген. 2022 жылмен салыстырғанда (671,9 млн.теңге) 265,1 млн. теңгеге немесе 139% өсті.
— Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деп баяндады Василий Новоселов. — Бір қазандық пен бір турбина жұмыс істеп тұр. Әзірге олардың жүктемесі аз. Бірақ, қалада жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай іске қосу операциялары жалғасады. Бізде №4 энергетикалық қазандықты жөндеу аяқталды, № 2 қазандықтағы жұмыстар аяқталуға жақын. Біраз уақыттан кейін біз № 5 және 6 қазандықтарды қайта құрылымдауды аяқтаймыз.
Ауқымды өзгерістер электр станцияның бу және су жылыту қазандықтарына әсер етті. Аталған жабдықтың пайдалы әсер коэффициентін арттыру үшін айтарлықтар жұмыс атқарылды. №3 су жылыту қазандығында қалқандарды, коллекторларды, конвективті бөліктерді ауыстыру, тартқыш және түтін соратын жабдықтарда жөндеу жүргізілді. Күрделі жөндеудің жалпы құны – 200 млн. теңгеден асты. № 1,2 турбиналарда 90 және 130 кернеуді түрлендіргіштер, төмен қысымды регенеративті жылытқыштар ауыстырылған. Мұнда шамамен 70 млн. теңге жұмсалды. Оның ішінде жылу энергиясын өндіруге – 30 млн. теңгеден астам. Делегаттар осы нысандарға барып, атқарылған жұмыс көлемін көрді.
Электр станциясын ауқымды қайта құрылымдау кезінде Рудный энергетиктері көмекші жабдықтарды да ұмытқан жоқ. Атап айтқанда, ЖЭО және өнеркәсіпт кешені ауданында жылу беру құбырын ауыстыру аяқталуда.
ERG станцияны қайта құрылымдаудың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарын қабылдады. Бұл қымбат, бірақ адамдар қыста пәтерлерінде жайлы әрі жылу боларына сенімді болуы керек. Компания бұл үшін бәрін жасауға тырысады.