Қазақстаннан Orient Silk Road Express трансшекаралық теміржол круизі басталады
3 қыркүйекте Алматы-2 теміржол вокзалынан «Lernidee Trains and Cruises» неміс компаниясы және «Тұран Азия» қазақстандық туроператоры «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Orient Silk Road Express» трансшекаралық туристік пойызы іске қосылды, деп хабарлайды «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
14 елден (Ұлыбритания, АҚШ, Испания, Малайзия, Италия, Голландия, Франция, Швеция, Швейцария, Германия, Австрия, Норвегия, Бельгия және Австралия) келген туристер Алматы, Түркістан, Бішкек, Самарқанд, Бұхара, Хива, Ташкент және т. б. қалалардағы Жібек жолы бойындағы негізгі көрікті жерлерге барып, екі аптаға созылатын круизге аттанды.
Бағдарлама бойынша күндіз круиздік пойыздың жолаушылары көрікті жерлерді аралап, ал келесі қалаға сапар түнгі уақытта жүргізілетін болады.
Айта кетейік, турпоездың Алматы қаласынан дәстүрлі басталуы бекер емес, өйткені Қазақстан 1994 жылы жобаның алғашқы серіктесі болған.
Жыл соңына дейін шетелдік туристермен тағы 4 осындай тур ұйымдастырылады, келесі тур қазан айында өтеді.
Lernidee Trains and Cruises «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, осындай круиздік пойызды Қазақстан ішінде, мысалы, Алматы-Маңғыстау ең ұзақ бағыты бойынша, іске қосуды пысақтауда.