Астанада болашақ кәсіпкерлерді даярлайтын бірегей мектептің тұсаукесері өтті

Биылғы жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан елордасында «UBES Educational Fest 2023» фестивалі өтіп, оның барысында Ұлттық бизнес және инжиниринг мектебі — Ulttyq Business & Engineering School (UBES) таныстырылды.
UBES — бұл академиялық еркіндік, оқытудың жеке траекториясы, мұғалім мен пәнді таңдау құқығы қағидаттары бойынша оқытылатын қазіргі заманғы практикалық дағдыларды дамыту мектебі. Мектептің негізгі мамандықтары инжиниринг және бизнес болып табылады.
Өткен жылы Ulttyq Business & Engineering School-ды іске қосқан білім беру саласындағы сарапшы, экономика ғылымының кандитаты Гүлмира Қорғанбаева елімізде жасанды интеллект, компьютерлік ғылымдар, нанотехнология, биотехнология, жаңартылатын энергия көздері, қоршаған орта мен денсаулық, креативті экономика, өнегелі болашақ: өнер, деректер, қоғам сияқты салаларда ғылымды қажетсінетін салаларда кәсіпкерлік ойлауы бар инженерлерді даярлауға үлкен қажеттілік бар деп айтады.
Дәл осы себептер бойынша еліміздегі білім беруді дамытудың үздік институттарының бірі «Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясының» негізін қалаушысы елордада жаңа форматтағы бірегей мектеп құрды, онда бастауыш мектептен бастап бизнес пен инжиниринг дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді.
Айта кету керек, қазіргі заманғы Ulttyq Business & Engineering School мектебінің оқушылары оқу кезінде теорияны тәжірибемен ұштастырады, оларға компанияларда практикалық сабақтардан өтуге, өз стартаптарын құруға, сектордың үздік сарапшы-практиктерінен кеңес алуға мүмкіндік берілген.
UBES мектебінде оқуды аяқтағаннан кейін оқушылар өздерінің білім мақсаттары және мансаптық өсудің ықтимал жолдары туралы жақсы түсінікке ие болады, оқу процесінің орындылығына саналы түрде қарайды.
Educational Fest 2023 көрмесі барысында жас кәсіпкерлер — Ulttyq Business & Engineering School оқушылары шеберлік сыныптарын өткізіп, бірегей стартаптар туралы айтып, өз жұмыстарының көрмесін таныстырды
Салтанатты шара бейінді министрліктер мен басқармалар өкілдерінің, сондай-ақ білім саласындағы сарапшылар, депутаттар, дипломатиялық миссиялар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.