Қазақстанда спецкокс шығаратын жаңа зауыт таныстырылды

Eurasian Resources Group (ERG) алғашқы халықаралық «Қазақстандық қамту 2.0» форумы аясындағы телекөпірде спецкокс шығаратын жаңа зауытты іске қосты. Бұл кәсіпорын импорттық қалпына келтірушілердің айтарлықтай бөлігін алмастырып, ERG өндіретін отандық феррохромдағы қазақстандық үлесті ұлғайтуға сеп болмақ.

Зауыт Қарағанды облысындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ кәсіпорнының өнеркәсіп аумағында бой көтерген. Қуаты – жылына 400 мың тонна спецкокс. Жобаға құйылған жалпы инвестиция көлемі – 60 млрд теңге. Зауытта 184 жұмыс орны ашылған. Өндірісте ең заманауи технологиялық шешімдер мен автоматикаға қолданылады.

Сондай-ақ, Eurasian Resources Group отандық тауарөндірушілермен Меморандумдар жасасты. Келісім шартқа ERG мен «ТПБ АГРОМИР» ЖШС, «Казахстанское промышленное предприятие» ЖШС, «Zhaik Electric» ЖШС, «Машиностроительный завод им С.М. Кирова» АҚ, «Каспий плюс» ЖШС, «Saryopan Operating» ЖШС қол қойды.

ERG жоғарыда аталған отандық тауарөндірушілерден алдын ала мақұлданған техникалық сипатталарға сай әрі белгілегенген көлемде өнім сатып алу мүмкіндіктерін қарастырады. Осы өндірушілер мен ERG арасында ұзақмерзімді негізде өзара тиімді серіктестікке серпін беретін әріптестік байланыс орнатылған.

ERG-дің қазақстандық кәсіпорындары жоғары қысымға шыдас берер жеңдер, сорғының қосалқы бөлшектерін, мойынтіректер, сорғылар, гидроциклондар, әк пен металл бекітпелер, олардың қосалқы бөлшектерін сатып алу жоспарланған.

– Біз бүгін ұзақмерзімді меморандумдар мен келісім шарттар жасастық. «ТПБ АГРОМИР» ЖШС-мен оффтейк-келісім шартқа қол қойылды. Бұл бизнеске мол мүмкіндіктер береді. Контрагент жоғары қысымды жеңдерді тікелей жеткізеді. Бұрын біз осы қосалқы бөлшектерді ресми диллерлер мен алып сатарлардан алып келгенбіз. Отандық тауарөндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің сапасы артып, шетелден келетін анологтарға бәсекелес бола алғаны бізді қуантады. Сайып келгенде бұл өзара тиімді әрі ұзақмерзімді серіктестікке жетелейді, — деді ERG-дің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов.

ERG отандық үлесті арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты дамыту ісіне жоспарлы әрі мақсатты түрде, тиімді ықпал етіп келеді. Топ отандық тауарөндірушілермен өзара байланысты нығайтып, олардан тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алу көлемін 2018 жылғы 51%-дан 2022 жылы 62,05%-ға дейін ұлғайтты.

Компания жыл сайын қазақстандық өндірушілерден шкізат, жанар-жағармайдан бастап, дайын өнімге дейінгі тауарлардың 15 мыңнан аталымын сатып алады.

Топ отандық орта және шағын бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөледі. ERG 2022 жылы 2 794 отандық өндірушілерден жалпы сомасы 518 млрд теңгенің тауары, жұмысы мен қызметтерін сатып алған.

ERG-дегі сатып алулар негізгі 2 алаңда жүргізіледі: NADLoC Тізілімімен синхрондалған жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополия нысандарына арналған сатып алу талаптарын сақтай отырып іске асырылатын электронды сатып алу алаңы (www.e-port.kz) және қалған сатып алулар іске асырылатын ERG-дің сатып алулар порталында (www.new-torgi.erg.kz).