Мектеп бағдарламасы аясында оқушыларға пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай-ақ дәмді және пайдалы тағам дайындаудың практикалық дағдыларына ие болды. Іс-шараның ұйымдастырушылары – «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС және Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығы.
Шеберлік сабағының мақсаты әр түрлі өнімдердің пайдасы туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар пайдалы және дәмді тағамдарды дайындау әдістерімен таныстыру. Негізгі назар тамақтанудың әртүрлілігіне, тепе-теңдігіне және денсаулықты сақтау үшін көкөністерді, жемістерді, ақуыздарды, көмірсулар мен майларды дұрыс пропорцияда тұтынудың маңыздылығына бағытталған. Шеберлік сабағы балалардың дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға ықпал етеді және жаңа дәмдер мен тағамдармен тәжірибе жасауға ынталандырады.
«Дәмді саяхатқа арналған дәмді флотилия» пайдалы тағамдар рецептінде – көкөністер, шөптер, сүт өнімдері, оның ішінде дәстүрлі қазақ қаймағы бар. Өнімдерден оқушылар әдемі және дәмді қайықтар «жасады». Аспаздық шеберлік сыныбы кезінде балалар осы қайықтармен қызықты сапарға «аттанды», онда бірнеше ай бойы олар қазақ халқының және басқа елдердің халықтарының аспаздық дәстүрлері туралы білетін болады.
«Бағдарлама шеңберінде практикалық сабақтарды өткізу өте маңызды, өйткені бұл оқушылар үшін бейресми жағдайда бір-бірімен байланыс орнатуға және кәсіби аспазшыдан көптеген пайдалы білім мен дағдыларды алуға тамаша мүмкіндік болып табылады. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, аспаздық шеберлік сыныбы барысында балалар алынған ақпаратты жақсы есте сақтайды, бұл өткізілетін іс-шараның тиімділігін дәлелдейді», — деп атап өтті «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі, Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығының әдіскері Роза Шаяханова,
«Бағдарламаның арқасында жүздеген ата-аналар отбасындағы диетаны түзетіп, қалыптасқан тамақтану әдеттерін өзгертті және салауатты өмір салтына көбірек уақыт бөле бастады. Бұл балалардың әл-ауқатына және олардың физикалық формасына жағымды әсер етеді. Біздің оқушылар ата-аналарымен бірге «Салауатты тамақтану мектебі» аясында өткізілетін барлық іс-шаралар мен жобаларға қуана қатысады», — деп айтып берді Ш. Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп-лицейінің директоры Роман Байгазиев.
«Біз «Нестле. Дені сау балалар» жаһандық бастамасының Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы іске асырылып келе жатқанына қуаныштымыз. Бағдарлама ата-аналар мен тәрбиешілерге дені сау ұрпақ тәрбиелеуге көмектесу үшін біздің күш-жігерімізді біріктіреді. Мұндай бастамалар дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру үшін ғана емес, сонымен бірге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу үшін де маңызды. Мектеп оқушылары үшін пайдалы және салауатты тағамдар дайындау бойынша шеберлік сыныбы болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайту бағытындағы кезекті тамаша қадам болды», — деп мәлімдеді Еуразия өңірінің корпоративтік істер және коммуникациялар жөніндегі менеджері Надежда Лабодовская.
Сонымен қатар, шеберлік сыныбы барысында Аспаздық байқау басталды. Оның мақсаты — оқушылардың іс жүзінде аспаздық дағдылары мен икемділіктерін, халықтық аспаздық дәстүрлерге деген қызығушылығын дамыту арқылы тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Бірнеше ай бойы мектеп оқушылары мұғалімдермен және ата-аналармен бірге аспазшылардың бейне сабақтарымен танысады және олар дайындаған тағамдардың фотосуреттерін бағдарламаның цифрлық платформасына орналастырады. Биылғы жылы Аспаздық байқау Қазақстандағы «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының 10 жылдығына орайластырылды.