Жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі М.Өтетлеуовтің төрағалығымен жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өтті. Жедел кеңеске Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті саясаты тобының бас маманы әділет майоры Ә.Беркінбеков, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі әділет подполковнигі С.Жапаров, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті превенция басқармасының бас маманы Ж.Қозбағарова қатысты.

Күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын-алу, жемқорлық әрекеттерге жол бермеу мәселесі қаралды.

Жиын барысында Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті превенция басқармасының бас маманы Ж.Қозбағарова Қазақстан Республикасы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды толық таныстырып, агенттікпен дайындалған арнайы видео бейне роликтерін көрсетті.

Жиын соңында №60 мекеме бастығы әділет подполковнигі М.Өтетлеуов қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін бағалап, тәуекел тудыруы мүмкін қызметкерлер бойынша дереу басшылыққа баяндау және оларға заң талаптарын сондай-ақ, заңсыз байланыстың салдарын түсіндіруді жандандыруды тапсырды.