Kazakh Tourism-ның Нидерланд Корольдігіндегі өкілі тағайындалды
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінде Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев АО «НК «Kazakh Tourism»-ның өкілі Адрианус М.Н. Лангедейкке арнайы сертификатты табыстады.
Kazakh Tourism-ның Нидерландтағы өкілі тағайындалуы Қазақстанның туристік маршруттарын тиімді ілгерілетуге, мамандандырылған іс-шараларды ұйымдастыруға және голландиялық туристер арасында еліміздің оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Сәдуақасов:
«Қазақстан — әрбір саяхатшыны таң қалдырып, шабыттандыратын ерекше табиғи және мәдени көрікті жерлерге бай ел. Kazakh Tourism-ның Нидерланд Корольдігіндегі өкілін тағайындау — осы елден келетін туристерді көбірек тартуға бағытталған маңызды қадам. Бұл елден келетін туристтердің белсенді және мәдени демалысқа деген қызығушылығы жоғары. Біздің әсем пейзаждарымыз, тарихи маршруттарымыз және қонақжайлығымыз голланд саяхатшыларының жүрегінен орын табатынына сенімдіміз. Жоспарланған алғашқы жобалар қатарында әлемге танымал фотограф Джимми Нельсонды және туристік топтарды Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тарту, сондай-ақ Утрехт қаласындағы беделді туристік көрмеге қатысу бар»
Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев:
«Қазақстан мен Нидерланд арасындағы туризм саласындағы өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар. Біз Kazakh Tourism-ның жаңа өкілін қуана қарсы алып, оның жұмысы Қазақстанға баратын туристер санының өсуіне және халықтарымыз арасындағы достықтың нығаюына ықпал ететініне сенімдіміз»
Адрианус М.Н. Лангедейк 1967 жылы 22 наурызда Нидерландтағы Вэнхёйзен қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Vrije Universiteit Amsterdam-да экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2006 жылдан бастап Қазақстанға турлар ұйымдастыратын Kazachstan Reizen компаниясын басқарады. 1998 жылдың маусымынан 2001 жылдың мамырына дейін Алматы қаласында тұрды және 1999 жылдан бастап қазақстандық отандасымызбен отбасын құрған. Бүгінде үш балалары бар. Адрианус ұзақ жылдар бойы Қазақстанға турларды белсенді түрде ілгерілетумен айналысып, елімізде жұмыс істеуде мол тәжірибе жинаған.
Голландиялықтар — табиғатты және мәдениетті жоғары бағалайтын, ізденімпаз әрі белсенді саяхатшылар. Бұл қасиеттер оларды Қазақстан үшін тамаша қонақ етеді. Қазақстан өзінің шексіз далаларымен, асқар тауларымен және бай мәдени мұрасымен әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартуда.
Голландиялықтар Еуропаның жетекші туристік нарықтарының бірі болып табылады және Қазақстанның туристік мүмкіндіктері табиғат пен мәдениеттің бірегей үйлесімімен голланд саяхатшыларын өзіне тарта беретініне сеніміміз мол.