Алматы қаласында шахматтан 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

2024 жылғдың 10-20 маусым аралығында Алматы қаласында шахматтан 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Оған 7-18 жас аралығындағы әлемнің 34 елінен 650-ге жуық ойыншы қатысады. Қатысушылар уақыттың барлық бақылаулары – классикалық, рапид және блицте марапаттарға ие болады.

Бұл шара Азия үшін аса маңызды. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың соңында шахмат тарихында алғаш рет әлем чемпионы атағы үшін екі матчта да Азия өкілдері кездеседі: ерлер арасында – қазіргі әлем чемпионы қытайлық Дин Лижэнь мен Үндістаннан келген Гукеш Доммараджу, әйелдер арасында — қытайлық Цзюй Вэньцзюнь мен Тань Чжуньи.

Алматыда өтетін 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 650-ге жуық жас мықты шахматшыларды жинап, тәжірибе көрсеткендей, шахмат әлемінің үлкен болашақ жұлдыздарының жиналатын орнына айналуы мүмкін. Мәселен, Чинангмайда (Таиланд) өткен Азия-2018 чемпионатында үндістандық Гукеш 12 жасқа дейінгі жастар санатында бес алтын медаль жинаған болатын.

 Биылғы жылы ең көп қатысушы турнир иелерінде – Алматыға бақ сынауға 170 қазақстандық шахматшы келеді. Өзбекстаннан – 57, Вьетнамнан – 48, Үндістаннан – 36, Қырғызстаннан – 35, Моңғолиядан – 28, Ресейден – 27 және Сингапурдан – 20 өкілді делегациялары қатысады. Тағы 29 ресейлік шахматшы ФИДЕ туының астында өнер көрсетеді.

Қатысушылар арасында екі халықаралық шебер – Алдияр Ансат (Қазақстан, U16) және Суреш Харш (Үндістан, U18), екі халықаралық әйелдер шебері – Амина Қайрбекова (Қазақстан, U18) және Мафтуна Бобомуродова (Өзбекстан, U18), 21 ФИДЕ шебері және 12 ФИДЕ әйелдер шебері бар.

KazChess бастаған байқау аясында Азия чемпионатын барынша белсенді және қызықты жариялайтын журналист/блогерге федерация тарапынан 1-6 тамызда Астанада өтетін Командалық рапид пен блицтен әлем чемпионатына жолдама мен жайғастыру берілетінін қуана хабарлаймыз. Әлем чемпионатына Магнус Карлсен, Цзюй Вэньцзюнь мен Дин Лижэнь сияқты әлемнің ең үздік шахматшылары қатысады.

Анықтама:

 Жарыс алты жас санатындағы ұлдар мен қыздар үшін бөлек өтеді:

* U8 (2016 жылы туған және одан кіші),

* U10 (2014 ж. т. және одан кіші);

* U12 (2012 ж. т. және одан кіші);

* U14 (2010 ж. т. және одан кіші);

* U16 (2008 ж. т. және одан кіші);

* U18(2006 ж. т. және одан кіші).

Кесте:

* 10-11 маусым: «15+10» рапид – Швейцария жүйесі бойынша 7 тур;

* 12-19 маусым: «90+30» классикасы – Швейцария жүйесі бойынша 9 тур;

* 20 маусым: «3+2» блиц – Швейцария жүйесі бойынша 9 тур.

Барлық турнирлерде екі немесе одан да көп ойыншылардың ұпайлары тең болған жағдайда орындар келесі ең жақсы көрсеткіштер бойынша анықталады:

— жеке кездесу (- лер) (егер олар барлық қарсылас ойыншылар арасында ойналса ғана);

— Бухгольцтің қысқартылған коэффициенті;

— Бухгольц коэффициенті;

— Зоннеборн-Бергер коэффициенті;

— қара фигуралар жеңіп алған жеңістердің ең көп саны.

Егер олар ең жақсысын анықтамаса, армагеддон ойналады.