Абай облысынан екі команда робототехникадан халықаралық турнирге аттанды

Абай облысының мамандырылған «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты мен облыстық мамандырылған «Білім-Инновация» лицейі командалары Анталия қаласында  өтетін халықаралық «Robotex Türkiye 2024»  турниріне аттанды.

«JasUlan» және «SBIL» командалары 19-21 сәуір аралығында өтетін халықаралық жарыста бақ сынайды.  Олар «Инновациялық жобалар» санаты бойынша өз жобаларын ұсынады. Виртуалды «Virtual Chemistry Laboratory» мен жоғары дәлдіктегі, өрттің алдын алатын робот-машина жобаларын қорғайды.

Қатысушылар: Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан»  арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқушылары — Алимжан Раимжан, Ерасыл Сеилқанов. «Білім-Инновация» лицей – интернатының оқушылары — Еркебұлан Нұрмұқашев, Нурали Дюсембеков, Ерасыл Базенов, Закария Икласов.

Команда жетекшілері — Сакен Асқарбек,  Мадина Калгабаева

Айта кетейік, командалар 2024 жылғы 16-17 наурыз күндері Астана қаласында өткен халықаралық «ROBOTEX» чемпионатына қатысты. 240 команда қатысқан чемпионатта Түркия еліне жолдама ұтып алды.