Еуропалық Одақ Қазақстандағы тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

Брюссель/Астана — Салдарынан 117 000-нан астам адам зардап шеккен Қазақстанның бірнеше облыстарында орын алған ауқымды су тасқынына байланысты Еуропалық Одақ ең көп зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде 200 000 еуро көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуде.

ЕО-тың бұл қаржыландыруы аса қажетті шұғыл көмекті, соның ішінде матрастар мен төсек-орын жабдықтары, көп мақсатты ақшалай қаражат пен гигиеналық материалдар сияқты тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамына қолдау көрсетуге арналған.

Алдағы үш ай ішінде көрсетілетін гуманитарлық көмек су тасқынынан ауыр зардап шеккен 5 мың адамға тікелей бағытталатын болады. Отбасын ұстап отырған әйелдерге, мүгедек немесе қарт адамдары бар отбасыларға, үш баладан көп баласы бар отбасыларға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Қаржыландыру ЕО-тың Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясының Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету қорына жалпы жарнасының бөлігі болып табылады.

Сәуір айының басында толассыз жауған жаңбыр мен көктемгі қардың еруінен кейін Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны болып, 117 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Су тасқынының шарықтау шегі Ақмола, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарында өтіп үлгерсе, Шығыс Қазақстан облысында бір аптадан кейін шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Алдағы уақытта Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін. Су тасқыны салдарынан 5700-ден астам мал қырылып, қазір 60 мың бас басқа жерге қоныстандырылды. Билік өкілдері су тасқынынан зардап шеккен аудандардан адамдарды эвакуациялады, ал Ұлттық Қызыл Крест/Қызыл Жарты Ай Қоғамы гигиеналық құралдарды, матрастар мен төсек-орындарды таратып, су арқылы берілетін аурулар туралы денсаулыққа қатысты негізгі ақпарат бере бастады. Қызыл Жарты Ай қоғамы қоныс аударған адамдарды қорғау қажеттіліктерін де бағалауда.