Қазақстандағы DARYA SCAFFOLD тренингі ЕО қазақстандық педагогтарды инновациялық оқыту құралымен таныстырды

Еуропалық Дағдылар Жылын атап өту мақсатымен, Еуропалық Одақ қаржыладыратын DARYA жобасы аясында Қазақстанның алты өңірінен мектептер мен кәсіптік білім беру және оқыту мектептерінің 150 оқытушысы ЕО әзірлеген бірегей SCAFFOLD құралын қолдануды үйренді. Алдын ала дайындықтан өткен қазақстандық тренерлердің қатысуымен халықаралық сарапшы педагогтар командасы қатысушыларды осы құралмен және оны жұмысы барысында қалай қолдануға болатынын көрсетті.

Алғы сөзінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов: «Біз DARYA халықаралық жобасына қатысқанымызды мақтан тұтамыз. SCAFFOLD – оқытушыларға оқу мақсаттары мен қолжетімді ресурстарға сәйкес оқу нәтижелерін тиімді топтастыруға көмектесетін инновациялық құрал. Біздің мақсатымыз – сапалы білім беріп, жастарды табысты мансап пен белсенді азаматтық өмірге дайындайтын білім беру жүйесін тиімдірек және заман талабына бейімдеу», – деп, бұл Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таратуға дайын екендіктерін жеткізді.

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Саяси, баспасөз және ақпарат бөлімі басшысы, Мачей Мадалински мырза өз сөзінде: «SCAFFOLD көмегімен тәрбиешілер шығармашылықты жалындатып, сыни ойлауды дамыту және сыныптарда топтық жұмысты ынталандыру үшін мықты құралға ие болады. Біз SCAFFOLD тек сынып пен жұмыс тәжірибесін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар мұғалімдерге келешек көшбасшыларды тәрбиелеуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бұл талпыныс біз өз іс-шарамызды арнап отырған Еуропалық Дағдылар Жылының мәніне сәйкес келеді және жарқын болашақты қалыптастырудағы дағдыларды дамытудың маңыздылығын атап көрсетеді» — деді.

SCAFFOLD – Еуропалық оқыту қоры (ETF) және Еуропалық Комиссияның Бірлескен зерттеу орталығы (JRC) әзірлеген құрал. Бұл құрал — тәрбиешілерге оқу іс-әрекетін жобалауда қолдау көрсету және оларды жоспарлаудан бағалауға дейін кезең-кезеңімен бағыттау үшін және кез келген пәндік салаға жарамды, сонымен қатар, білім беру жүйесінің кез келген деңгейінде немесе бейресми оқытудың кез келген түріне арналып жасалған, 102 карта жиыны. Ол мұғалімдерге барлық құзыреттілік шеңберіне ортақ көлденең құзыреттер арасындағы байланысты зерттеуге көмектеседі, мұғалімдерге оқыту мақсаттарына, қолжетімді ресурстарға, оқу кеңістігіне және ұзақтығына сәйкес оқыту нәтижелерін анықтауға және кластерлеуге көмектеседі. SCAFFOLD карталары мұғалімдерге олардың мақсаттары мен оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес оқу тәжірибесін шығармашылықпен құруға көмектесетін «кірпіш» ретінде қызмет етеді.