Жақында KAIYI автомобильдері Қазақстанда сатылымға шығады
Orbis Auto автомобиль тобының құрылымына кіретін Қазақстандағы KAIYI ресми дистрибьюторы ҚР-да автомобильдерді сатуды бастауға дайындалуда. Мамыр айында бірден төрт модельге, яғни инновациялық X7 кроссовері, ықшамды және динамикалық X3 / X3 PRO кроссовері және E5 технологиялық седанына алдын ала тапсырыс беру басталады. Ең көп сұранысқа ие кластағы автомобильдерге 5 жыл немесе жүріп өткен жолы 150 000 км құрайтын кепілдік қарастырылған.
KAIYI тұтынушылардың қажеттіліктерін мұқият зерделеп, өзін басқа нарықтарда жақсы көрсеткен, сондай-ақ қиын ауа райы жағдайларында тестілеуді қоса алғанда, ұзақтығы 1,8 миллион шақырым болатын төзімділік сынақтарынан өткен өнімдерді Қазақстан нарығына ұсынуға дайын. Нәтижесінде модельдік қатар мен ұсыныстар елдің автокөлік жүргізушілерінің әртүрлі сұраныстарына сәйкес келетін болады.
– Біздің бренд әрбір клиентке, оның отбасына немесе бизнесіне арналған әртүрлі баға сегментіндегі және сан түрлі стилдегі модельдің бірің таңдауға мүмкіндік береді. KAIYI автомобильдері жоғары сенімділігіне, инновациялық технологияларға және өндірушінің автокөлік жүргізушілерінің нақты қажеттіліктері мен сұраныстарына жете назар аударуына байланысты әлемде жоғары сұранысқа ие. 2021 жылы инновациялық қытайлық бренд халықаралық нарыққа шықты. Қазіргі уақытта KAIYI автомобильдері Ресей, Еуропа, Оңтүстік Америка, Африка, араб елдері және басқа да өңірлерді қоса алғанда 20–дан астам елге сәтті экспортталуда, — дейді Қазақстандағы KAIYI дистрибуциясының директоры Юлия Тишакова.
Қазақстандық нарық ең алдымен өндіруші қалайтын баға санатында болашағы зор және тез өсіп келе жатқан нарықтардың бірі болып табылатыны атап өтілді. Сонымен қатар, дистрибьютор-компаниясының өкілдері атап өткендей, KAIYI заманауи әлемдік нарықтағы ең прогрессивті және заманауи автомобильдерді ғана емес, сонымен қатар баға мен сапа арақатынасы бойынша үздік автомобильдерді де ұсынады. Олар сенімділікпен, төзімділікпен, әртүрлі жол жағдайларына жоғары бейімделумен, сондай-ақ озық техникалық және цифрлық шешімдермен жабдықтаудың ең жоғары деңгейімен ерекшеленеді.
— KAIYI брендінің артықшылықтары айқын. Бұл автомобильдер ауа-райының қолайсыз жағдайларына (жоғары температура, қатты суық, жоғары ылғалдылық, тұзды тұман және т.б.) және күрделі жол жағдайларына (жылдамдық бәсеңдеткіштер, сорма жырашықтар, нашар жолдар, пандустар және т. б.) бейімделуге қатысты ішкі және әлемдік нарықтардың барлық талаптарына жауап береді. Қытайдағы KAIYI өндірушісі платформаларды, күштік агрегаттарды, трансмиссияларды және автомобильдерге арналған бірқатар басқа компоненттерді өз бетінше дамытуға мүмкіндік беретін өзінің ғылыми-зерттеу базасына ие. Брендтің инжинирингтік орталығы Қытайдағы ең ірі және озық орталықтардың бірі болып табылады, бұл ішкі және жаһандық нарықтардың талаптарына сай өнімдер шығаруды қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Юлия Тишакова.
Биылғы жылы KAIYI ресми дистрибьюторы Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал және Өскеменде жеті дилерлік орталық ашуды жоспарлап отыр. Барлық жеті дилерлік орталық мамыр айында ашылатыны атап өтілді.