Абай облысында 35 педагог тамыз кеңесінде марапатталды
Абай облысында өткен тамыз кеңесі аясында облыстың бірнеше педагогі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоғары марапаттарына ие болды. Педагогтерге марапаттарды облыстық Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев табыстады.
Марапатталғандардың қатарында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен 22 педагог, Құрмет грамотасымен 8 педагог, «Еңбек ардагері» медалімен 4 педагог, сондай-ақ «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен 3 педагог бар.
Сонымен қатар Жарма ауданы Өнер мектебінің жоғарғы біліктілік санаттағы хореография мұғалімі Данара Рахимбаева «Қосымша білім беру ісінің үздігі» дипломымен марапатталды. Ақсуат ауданы С. Сейфуллин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Эрнс Адилхановқа «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталды.
Бұл марапаттар облыстың білім беру саласындағы үздік жетістіктерін мойындап, педагогтердің қоғамдағы маңызды рөлін тағы да бір дәлелдеді.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі