Абай облысында егіздер «Алтын белгі» иегері атанды
Абай облысының Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің түлектері Әсел Тұрысқалиева мен Анель Тұрысқалиева мектепті сәтті аяқтап, «Алтын белгіні» қорғап шықты.
Қыздар мектепте бірінші сыныптан бастап оқыды, қорытынды емтихандарда жоғары нәтижелер көрсетті және жаратылыстану-математика ғылымдары бойынша облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.
Әсел мен Анель Ұлттық бірыңғай тестілеуде бірінші тапсырғанда жоғары балл жинады. Әсел география-математика пәндер комбинациясы бойынша 111 балл, ал Анель биология және химия бойынша 104 балл алды.
Түлектер бес бала тәрбиелеп отырған көп балалы отбасынан шыққан. Анель дәрігер болуды армандайды, ал Әсел өзін экономика саласында көреді. Болашақта түлектер еліміздің ірі қалаларының жетекші университеттеріне түсуді жоспарлап отыр.
Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі