Абай облысының қыздар командасы республикалық жарыста жеңіске жетті

Талдықорған қаласында 9–11 сынып қыздары арасында жеңіл атлетикадан Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі өтті. Бұл жарыста Абай облысының құрама командасы жүлделі І орынды алып, чемпион атанды.
Облыс намысын Қ. Сәтбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектептің 9–10 сынып оқушылары қорғады.
Команданы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алтынай Жүнісхан жаттықтырды.
Жарысқа еліміздің 12 облысынан келген үздік командалар қатысты. Бұл жеңіс – Абай облысы үшін Ұлттық мектеп лигасы аясында республикалық деңгейдегі алғашқы алтын жүлде.
Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі