«Абай оқуларының» жеңімпаздарына гранттар табысталды

10-13 маусым аралығында Абай облысында ХХҮ республикалық «Абай оқулары» өтті.

Биыл мерейтойлық байқау аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы марапаттау рәсіміне қатысты. Байқау жеңімпаздары атанған 4 оқушыға 4 жылдық тегін оқу грантын табыстады. Атап айтсақ, Абай облысының 2 оқушысы — Дінмұхамет Құрметұлы, Балғын Жәнібекқызы және Жетісу облысынан  Аяжан Сәрсенбай,  Жамбыл облысынан Азиза Қурбанмуратоваға берілді.

Айта кетейік, Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған оқушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және алтын, күміс, қола медалдарымен марапатталды. І дәрежелі диплом 6 оқушыға,  ІІ дәрежелі диплом 18 оқушыға, ІІІ дәрежелі диплом 25 оқушыға табысталды. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар тапсырылды. Байқау демеушілері І орынға ноутбук, ІІ орынға ұялы телефон табыстаса, үшінші орынға «Smart колонка Яндекс» сыйлады. Бұдан басқа қатысушылар ақшалай сертификаттармен де марапатталды.

Айта кетейік, биыл байқауда 131 оқушы 6 номинация бойынша бәйгеге түсті. Дәстүрлі жыл сайынғы Абай оқулары Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешен базасында өтті.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі