Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана!
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні жыл сайын 23 сәуірде атап өтіледі. Бұл күннің маңызды аспектілері – рухани мұрадағы әдебиеттің маңызы, зияткерлік еңбек туындыларын қорғауды білдіретін авторлық құқықты сақтау қажеттілігі.
Ғылыми және мәдени ресурстарды терең зерттеуге бағытталған академиялық бағдарлама аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к. М.К. Бисенова 1 курс докторанттарымен университетіміздің мәдени орталықтарының бірі Әл-Фараби кітапханасында «КітапФест» акциясын өткізді.
Әл-Фараби кітапханасы өзінің әсерлі әдебиет қорымен, соның ішінде сирек кездесетін және құнды көшірмелерімен, сондай-ақ, зерттеушілерге, студенттерге және ғылым мен мәдениетке қызығушылық танытқандардың барлығына қол жетімді білім қоймасымен танымал.
«КітапФест» акциясын ұйымдастыру – зерттеушілер мен білім алушылар арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған. Ол оқу әдетінің дамуын ынталандыруға ғана емес, сонымен қатар әдеби жанрлар мен өзге бағыттардың кең ауқымына қол жеткізу арқылы қатысушылардың білімін байытуға арналған. Мұндай акция кітаптарды түсіну шекарасын кеңейту арқылы жаңа идеялар мен перспективаларды ашуға көмектеседі.
Жалпы, бұл акция қоғамның әдеби және мәдени дамуына үлес қосатын, қатысушылардың зияткерлік және рухани әлемін байытатын білімді, толерантты қоғам қалыптастыруға негіз болатын маңызды оқиға болды.
Сонымен қатар, докторанттар оқу залдарына, мұрағаттарғаа және арнайы коллекцияларға экскурсияға шақырылды. Қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар қоры ерекше қызығушылық тудырды, онда зерттеушілер бірнеше ғасыр бұрын жазылған құжаттар мен баспа басылымдарының көшірмелерін бақылай алды. Бұл материалдар заң саласындағы зерттеулерді жетілдіруге баға жетпес мүмкіндіктер ашады.
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған іс-шара кітапхананың тарихи мұрасы мен академиялық миссиясына деген құрметті нығайтып, оның кітап қоймасы ғана емес, сонымен қатар зияткерлік даму мен ғылыми коммуникация орталығы ретіндегі мәртебесін растады.
Шара соңында з.ғ.к., доцент М.К. Бисенова әл-Фараби кітапханасына «КітапФест» акциясын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, осындай танымдық шаралардың оқудан тыс уақытта да өтуін қолдайтындығын білдірді.
М.К. БИСЕНОВА,
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ
Заң факультетінің қылмыстық құқық,
қылмыстық іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының доценті, з.ғ.к.