SANTO MEMBER of POLPHARMA GROUP Қазақстанда су басқан аймақтарындағы зардап шеккен жандарға көмек көрсетеді

Қазақстанда қардың еруінен және бөгеттердің бұзылуынан туындаған алапат су тасқыны басталғаннан кейін SANTO Member of Polpharma Group зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетудің алдыңғы қатарында болып, жалпы сомасы 70 миллион теңгені құрайтын қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Оның ішінде микробқа қарсы препараттар, антибиотиктер, ауырсынуды, ісінуді және қызбаны басатын қабынуға қарсы препараттар, асқазан-ішек жолдарына арналған препараттар, пробиотиктер, анестетиктер, созылмалы ауруларды емдеуге арналған кардиологиялық препараттар (гипертония, жүрек-тамыр аурулары және т.б.) бар.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мәліметінше, Қазақстан аумағының 75 пайызында табиғи апат қаупі жоғары. Қазақстанның 17 облысының 10-ында су тасқынына байланысты жергілікті төтенше жағдай режимі енгізілді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайды Қазақстандағы соңғы 80 жылдағы ең үлкен апат деп атады. 60-тан астам елді мекен сыртқы әлеммен байланыссыз қалды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су басқан аумақтардан 118 мыңнан астам адам эвакуацияланды, мыңдаған ғимараттар мен аумақтар әлі де су астында қалып отыр.

SANTO бас директоры Адам Алексейюк:

«Қазіргі таңдағы қиын жағдайда SANTO Member of Polpharma Group компаниясы зардап шеккен аймақтарға шұғыл түрде фармацевтикалық препараттарды жеткізіп, көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Әр өңірге жалпы сомасы 70 миллион теңгенің гуманитарлық жүктері жөнелтілді. Халыққа шынымен қажет дұниені жіберу үшін әр өңірдің дәрі-дәрмекке деген қажеттілігін сұрадық. Олардың арасында белгілі бір дәрі-дәрмектерді тұрақты түрде қабылдауға тағайындалған көптеген созылмалы науқастар бар. Бұл да сәтсіздікке ұшырамауға тиіс үлкен жұмыс. Адамдар дәрі-дәрмексіз қала алмайды және біздің міндетіміз оларды уақытында жеткізу. Сондай-ақ апат салдарынан қиын өмірлік жағдайға тап болған компания қызметкерлеріне қолдау көрсетуді қолға алдық»