Air Astana әуе компаниясының ішкі рейстерге тіркелу Алматы әуежайының Т-1 терминалына оралады

2026 жылдың 6 қарашасында Алматыдан ұшатын Air Astana ішкі рейстеріне жолаушыларды тіркеу Алматы халықаралық әуежайының Т-1 терминалында қайта жүзеге асырылады.
“Біз жаңартылған Т-1 Терминалында жолаушыларға қызмет көрсетуді қайта жандандыруға қуаныштымыз. Заманауи инфрақұрылым, жақсартылған қызметтер мен навигация сапарды жеңілдетеді және жолаушыларға ұшу алдындағы рәсімдерді тезірек өтуге көмектеседі”, – деп атап өтті Air Astana-ның жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога.
Алматы әуежайын ауқымды жөндеу аясында Т-1 терминалында тіркеу аймақтары жаңартылған. Олардың дизайны заманауи сәулеттік шешімдерді Қазақстанның мәдени болмысын айқындайтын элементтермен үйлестіреді. Әуежайда ұшу алдындағы рәсімдерді жеделдету үшін жолаушыларды тексерудің және отырғызу құжаттарының бес автоматтандырылған пункті орнатылған. Ұшып шығу аймағында жолаушылар креслоларының саны ұлғайтылды, цифрлық ақпараттық таблолар жаңартылды және навигацияның қазіргі заманғы көп тілді жүйесі енгізілді. Бұдан басқа, балалардың ойын аймақтары, жолжүк беру аймағы және т.б. жаңғыртылды.
Осылайша, 6 қарашадан бастап Air Astana ішкі рейстеріне тіркеу Т-1 терминалында, ал халықаралық рейстерге – Т-2 терминалында жүзеге асырылады.
Air Astana жолаушыларға ұшу алдындағы рәсімдердің барлығын өтіп үлгеру үшін әуежайға алдын ала келуді сұрайды.




