Air Astana тобы Pratt&Whitney өтемақы туралы келісімге келді
Pratt&Whitney өтемақы туралы келісім
Air Astana тобы Pratt&Whitney компаниясымен GTF neo қозғалтқыштарының қолжетімcідігінен пайда болған мәселелер бойынша және Топтың қызметіне әсеріне байланысты өтемақы және басқа да қолдау алу туралы келісімшарт жасады. Ұзақ мерзімді техникалық қызмет көрсетуді қамтитін мұндай келісімшарттар шығындар мәселесін шешуге көмектеседі және осы мәселелерді тұрақты түрде шешуге бағытталған Топтың операциялық бастамаларын толықтырады.
Air Astana сонымен қатар IAE компаниясымен алтыншы қосалқы PW1100 қозғалтқышын сатып алу туралы келісім жасады. Бұл қозғалтқышты жеткізу Топтың қозғалтқыш ақауларын азайту жоспарына сәйкес 2024 жылдың сәуір айына жоспарланған.