Air Astana «Жас Қыран» бағдарламасының 2024 жылғы жарты жылдық қорытындысын шығарды

Air Astana спорт, өнер және ғылым салаларында дарынды жастарды қолдауға бағытталған «Жас Қыран» жол гранттары бағдарламасын сәтті іске асырып жатыр. Жоба аясында көптеген жас қазақстандықтар әлемдік спорттық, шығармашылық және зияткерлік жарыстар мен олимпиадаларға қатысып, армандарын жүзеге асыра алды. 2024 жылдың алты айында жол жүру грантына Қазақстанның түрлі қалаларынан Еуропадағы, АҚШ-тағы, БАӘ-дегі, Ұлыбританиядағы және басқа да елдердегі 23 іс-шараға 56 өтінім берілді. Олардың ішінен 24 жеңімпаз іріктеліп алынды, олардың көпшілігі халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға жетті.

Аллана Берікқызы «Жас Қыран» бағдарламасының қолдауымен Аустрия мен Чехиядағы халықаралық шахмат турниріне қатысып, «Әйелдер арасындағы үздік нәтиже» санатында алтын медаль жеңіп алды.

 Жапонияда өткен «All Japan International Open Karate Tournament» Киокушинкай халықаралық каратэ жарысында үшінші орын алған Жасұлан Марат жақсы нәтиже көрсетті.

 Тағы екі жас дарынды Айару Азаматқызы мен Мирас Миятбек наурыз айының соңында Ұлыбританияда өткен European Championships 2024 (Еуропа Чемпионаты) және Blackpool Junior Dance Festival 2024 (Әлем Чемпионаты) жартылай финалистері болды.

Ай сайын бес адамнан тұратын тәуелсіз қазылар алқасы халықаралық жарыстардың немесе олимпиадалардың мәртебесін, үміткерлердің дәлелді портфолиосын және ұйымдастырушылардың ресми шақыруын ескере отырып, бес талантты үміткерлерді таңдайды. Қазылар алқасының көпшілік дауысын алған үміткерге және бір ертіп барушысына әуекомпанияның халықаралық бағыттары бойынша екі жаққа тегін әуебилеттері беріледі.

Еске сала кетейік, грантқа 7-17 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары өтініш бере алады. Ол үшін бейнеөтінішті жазып, өтінімді толтырып, zhaskyran@airastana.com мекенжайына жіберу қажет. Өтініммен бірге құжаттарды және жарыс ұйымдастырушыларының ресми шақыруын салып жіберу қажет. Өтінімдер іс-шара өткізілетін күнге дейін екі айдан кешіктірілмей қабылданады. Толығырақ әуекомпанияның сайтынан (https://airastana.com/kaz-kk/information/social-responsibility) оқыңыз.