Әйелдердің денсаулығын қалай сақтауға болады?
Заманауи әйелдер денсаулығына жақсы көзқараспен қарайды және олар, әрине, әдемі және жас көрінгісі келеді. Мұны шамадан тыс фанатизмсіз қалай жасауға болады? Әйелдердің денсаулығы мен сұлулығын сақтау үшін не маңызды? Қалай ұзақ өмір сүріп, күн сайын ләззат алудың қуанышын сезінуге болады? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын SANTO компаниясының «Әйелдер денсаулығы мектебі» жобасынан табасыздар. Осындай атаумен жобаның екінші оқыту кездесуі 15 наурызда өтті.
Жоба қыздар мен әйелдердің өз денсаулығы, оның ішінде репродуктивті мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру мақсатында қолға алынған. Білім беру кездесулерін өткізуге әртүрлі санаттағы дәрігерлер тартылады: терапевттер, гинекологтар, невропатологтар, психологтар, олардың әйелдер денсаулығын сақтау бойынша кеңестері мен ұсыныстары, скрининг пен медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы; жүктілікке дайындықтың дұрыс тактикасы туралы, онкологиялық мәселелердің алдын алу туралы, көптеген адамдарға қорқынышты жеңуге және уақытында дәрігермен кеңесуге көмектеседі.
15 желтоқсанда өткен бірінші кездесуде жоба аясында танымал репродуктолог, жоғары санатты акушер-гинеколог, м. ғ. к. Шолпан Кенесовна Карибаева спикер болды. Екінші кездесу 15 наурызда өтіп, онда да спикер болып Шолпан Кенесовна Карибаева сөйледі. Таныстырылым барысында ол жиналғандардың назарын әйелдер денсаулығының негізгі мәселелеріне аударды, атап айтқанда, гинекологқа жүйелі түрде бару және талдаулар жүргізу маңыздылығына тоқталып, ерте диагностика мен қолданыстағы заманауи емдеу әдістері адам өмірін сақтайтынын атап өтті. Жыл сайын өздігінен жүкті бола алмайтын немесе бала көтере алмайтын әйелдер саны артып келеді. Оған түсік тастау, жұқпалы аурулар, сонымен қатар, әрине, өмір салты да себеп болады. Дәрігердің айтуынша, жоғалған денсаулықты қалпына келтіру мамандардың кеңесін пайдалана отырып, оны сақтап қалудан гөрі әрдайым қиынырақ және қымбатырақ. Бірінші сабақта гинекологқа, маммологқа жүйелі түрде бару, дұрыс тамақтану, денеге күтім жасау, өмірге деген оң көзқарас — осы және басқа да әйелдер денсаулығына қамқорлық жасаудың постулаттары талқыланды.
«Әйелдер денсаулығы мектебі» жобасы аясында тағы да бірқатар білім беру дәрістері мен кездесулер өткізу жоспарлануда.