Eurasian Resources Group көміртегі ізін төмендетуге қатысты ұстанатын қағидалары мен міндеттемелерін жария етті

Eurasian Resources Group (ERG) жаһандық климаттың өзгеруімен күрес қозғалысының қатарына қосылды. Әлемнің озық тәжірибелеріне арқа сүйеп, БҰҰ конвенциясы мен Париж келісіміне сүйене отырып, компания Топтың климат өзгерісіне әсерін басқару мен оған бейімделу саясатын әзірлеген.

Құжат негізгі бас қиғидатты қамтиды. Өз кезегінде бұл жаһандық экономиканың парниктік газ шығарындылары төмен деңгейіне көшуіне сеп болады. Ол үшін:
— климат өзгерісіне орнықтылықты арттыру;
— шығарылатын өнімнің барлық циклында көміртегі ізін төмендету;
— стратегия мен шешім қабылдау процесіне климаттың өзгерісі аспектілерін енгізу мен оны ескеру;
— мүдделі тараптардың өзара серіктестігі мен мен әріптестік байланыстарды
нығайту арқылы парниктік газ шығарындылары төмен экономикаға жедел көшу;
— климаттық есептіліктің ашықтығын арттыру көзделген

Еуразиялық Топтың бас директоры Серік Шахажанов: «Климаттың өзгеруі – бүгінгі заманның ең өзекті проблемасы. Біз бұл процесті тек баршамыз бірігіп, жаһандық ортақ іске күш сала отырып қана бәсеңдете алатынымызды түсінеміз. Оның үстіне тау-кен және металлургия секторы сыртқы стейкхолдерлер – инвесторлар, қаржылық қызмет ұсынушылар, тұтынушылар мен үкімет тарапынан өздері шығаратын өнімдегі көміртегі ізіне назар артып келе жатқанын байқап отыр. Сондықтан, Топтың
климат өзгерісі контекстіндегі қызметін тиімді басқару жүйесін құруды көздедік. Осы Саясатты әзірлеу – көміртегі ізін төмендету бағытындағы алғашқы қадам»

Мына сілтемемен ERG-дің климат өзгерісіне әсерін басқару мен оған бейімделу саясатын корпоративтік сайтымыздан тауып, онымен толық таныса аласыздар