Атырау әуежайы FlyArystan әуекомпанияның жұмысына кедергі келтіруде

АТМА-Аэропорт Атырау и Перевозки» АҚ (әрі қарай АTMA-Аэропорт) жолаушыларға өзге көмексіз қызметті алуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық iJan терминалдары (4 шаршы метр) үшін ай сайын 1 миллион теңге көлемінде төлеуді талап етті. Бұл Атырау облысындағы орта жалдау құнынан 50 есеге артық (krisha.kz сайтынан алынған ақпарат). Осылайша әуекомпанияның операциялық жұмысына кедергі келтіріліп, аймақтың инновациялық дамуы баяулап, жолаушылар тәжірибесі бәсеңдеді.

Нарықтық бағаға сай емес АTMA-Аэропорт коммерциялық ұсынысынан кейін, әуекомпания келіссөз жүргізіп, АTMA-Аэропортқа осындай жобаларды қолдаудың қажеттігін түсіндіруге тырысты. Себебі бұл қазақстандық авиацияның дамуымен қатар, бірінші кезекте жергілікті халық пен аймақ қонақтары пайдаланатын инфраструктураның дамуына тікелей бағытталған.

Өзге көмексіз қызметті алуға мүмкін беретін құрылғылар әуежайдың жұмысын жеңілдетуге бағытталғанына қарамастан, АTMA-Аэропорт  басшылығы жалдау шарттарын қайта қарастырудан бас тартып, оған қоса үздіксіз  істеп тұрған терминалдарды 2023 жылдың 13 наурызында өшіріп тастайтынын мәлімдеді.

Осылайша келіссөзді аяқтамай, АTMA-Аэропорт 13 наурызда iJan терминалдарын өшіріп, әуекомпанияның операциялық жұмысын тоқтатып, сапар шегуге дайындалып келген жолаушыларды жаңалыстырды. Бұл қадамнан кейін әуекомпания жетекшілік басымдылық пен монополиялық билікті өз үлесіне теріс пайдаланып, жолаушыларды тіркеуге ауадай қажетті iJan терминалдары үшін жалдау бағасын көтергені туралы шағымды ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберді.

FlyArystan аймақтық әуесаласының дамуына зор үлес қосып, арзан бағалы әуесаяхатқа мүмкіндік туғызды – мысалы, Атыраудан Ақтауға ұшатын 55 минуттық рейске билеттер 5 мың теңгеден басталады. Әлі күнге дейін таксимен жүретін жергілікті тұрғында тура осы бағытта адам басына 10-12 мың төлейді, ал жолға 15 сағатқа дейін уақыттарын жұмсайды. Пойызбен жүріп бару уақыты 20 сағат құраса, плацкарт вагондарында бару 3 мың теңгеден басталатынына назар саламыз. Атырау-Ақтау бағытынан бөлек, жайлы әуелайнерлер Атыраудан Алматыға, Астанаға, Шымкентке, Ақтөбеге, одан бөлек алғашқы болып грузиндық Кутаисиге сапар шеге бастады. Атырау облысының тұрғындарына тұрақты рейстен бөлек, Шарм-Эль-Шейхке чартерлік рейстерді де орындайды. Лоукостердің қолжетімді билеттері арқасында 100 мыңнан астам өңір саяхатшылары шет елдерге барып келді.

Атырау облысында сапалы қызмет көрсетуге кедергі туғызатын негативті факторлардың қатарына жоғары әуежай алымдарын жатқызуға болады. Осылайша, бүгінгі таңда ATMA-Аэропорт әуежай алымдары Алматы, Астана мен Шымкент мегаполистері әуежайларымен салыстырғанда 60% дейін қымбат, ал өзге аймақтық әуежайлармен салыстырғанда 75% дейін қымбат. Сонымен бірге FlyArystan жұмысы басынан бастап Атырау әуежайы инфраструктурасында жолаушылар жайлылығы үшін жұмыс атқарылмай, қандай да бір жағымды өзгерістердің болмағанына назар саламыз.

Естеріңізге салсақ, FlyArystan Қазақстанның алғашқы лоукостері, 4 жылдан аздам уақыт ішінде 9 миллионнан астам жолаушыны тасымалдап, әрдайым өз қызметтерін жақсартып келуде. Осылайша, лоукостер пайда болғаннан кейін әуежайлардың жолаушылар ағымы 1500% дейін артқанын (2021 жылы 2019 жылмен салыстырғанда Атырау әуежайында 40% дейін), 10% жуық жолаушылар өмірлерінде алғаш рет ұшақпен саяхаттады, 2022 күзінен бастап әуекомпания флоты Airbus зауытынан келген су жаңа ұшақтарымен толықты. Былтыр күзде лоукостер Қазақстанда бірінші болып әуежайда кезектің санын азайтуға бағытталған iJan терминалдарын орнатты.

iJan – өзге көмексіз қажетті қызметті алуға мүмкіндік беретін терминалдар. Олардың арқасында жолаушылар тіркеуден өтіп, жолжүкті тіркеп, жолжүк биркасын басып шығарып, қалаған орынды таңдауға және т.б. мүмкіндіктері бар.

2022 жылдың қарашасында FlyArystan еліміздің барлық әуежайларында терминалдарды орнатуға  ниеттенді. Жолаушылар бұл белсенділікті қолдап, қалған қалаларда орнатылуын асыға күтуде. Өкінішке орай, АТМА-Аэропорт бұл игі істен тек коммерциялық пайданы ғана көруді көздеп, атыраулық тұрғындарға заманауи шешімдерді пайдалануға наразылық танытуда.

FlyArystan өкілетті органдарды тексеріс өткізіп, «АТМА-Аэропорт Атырау и Перевозки» АҚ тексеріс жүргізіп, ҚР әуесаласында қызмет атқарып жүрген барлық қатысушыларын бірлесе жұмыс істеп, жолаушыларға ұсынылатын сапаны бірлесе арттыруға шақырады.