«ЭкоҚұрақ» Қазақстандағы қоғамдық бастаманың жетекшісіне айналды

Қырғызстаннан келген сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Чолпон Аламанованың ізбасарлары Қазақстанда бірегей қоғамдық бастаманы кеңейту бойынша жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Алматыда өткен Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесінде Қырғызстан Суретшілер одағының мүшесі Чолпон Аламанова Қазақстанда алғаш рет арнайы ART gallery аясында «Эко-Құрақ.Тамаша дүниелер өмірі» жобасын ұсыну барысында белгілі болды.

«Central Asia Fashion» бизнес-конференциясының панельдік талқылауы аясында сөз қозғаған автордың айтуынша халық қолданбалы өнерінің ұмыт болып бара жатқан техникасы – құрақты жаңғыртатын қозғалысты құруға күрделі экологиялық жағдай түрткі болды.

Central Asia Fashion бизнес-конференциясының спикері Чолпон Аламанова:

«Бішкек ауасы ең ластанған қала болып танылды. Қала тұрғындары пәтерді желдету үшін, бірінші, терезені ашамын ба жоқ па деп ойланады, себебі қазір мұндай ауамен тыныс алудың зияны көп. Көптеген тұрғындар жүгіруден бас тартып жатыр, түтінмен демалғаннан пайда жоқ. Қоршаған ортаға қатысты мұндай жағдай жеңіл өнеркәсіптің көптеген зауыттарының (ал Қырғызстанда оның үлесі 80 пайызды құрайды!) матаның қалдықтарын қоқысқа тастап, тұрғындардың бұл қалдықтарды үйді жылытуға отын ретінде жиі пайдалануынан туындап отыр. Қала сыртындағы қоқыс полигонына барып, көбіне лақтырылған мата қиықтарын көргенде жанымыз түршікті. Сызбаүлгілік матаралдың қиықтары үйінді болып, ащы, сұр-жасыл түсті түтінге оранып жатты. Сол кезде өндіріс қалдықтарының бәрін неге жақсы жаққа пайдаланбасқа деп ойладым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі тігін шеберханаларынан сызбаүлгілік қиындыларды жинап, шеберханаға оқушыларды алып, 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан құрақ техникасы арқылы әртүрлі бұйымдарды өңдей бастадық. Жоба басталғанына бар болғаны бес ай өтсе де біз 300 кіле астам мата қалдықтарын өңдеп шықтық, нәтижесінде интерьерге арналған тамаша дизайнерлік өнімдер жасап, ұлттық киімдер тігіп, үлкен көрмеге айналдық»

Өз кезегінде қырғыз қолданбалы өнер суретшісінің айтуы бойынша жоба шын мәнінде халыққа жақын бола түсті, қазір оның оқушылары арасында 25 пен 79 жас аралығындағы 80-нен астам қыз-келіншектер еңбек етуде: «Әркім өзіне қажеттісін таба алады: біреу шығармашылықтан үйлесімділік іздесе, біреу шыққан тегіне үңіледі, өйткені тарихта құрақ өнері ұлттық дәстүрдің арқасында пайда болған: қонақтарға әрқашан жақсылық пен бақыт тілегі жазылған маталар сыйлап отырған. Шығыс дәстүрлеріне сенсек, түрлі қиықтардың қосындысынан жасалған құрақ қуатқа ие болып, иелеріне бақыт, денсаулық, әл-ауқат әкеледі.


Central Asia Fashion көрмесінің ART gallery галереясында Қазақстанда алғаш рет ұсынылғандардың ішінде қазақ қолөнерші-құрақшыларының жасаған панноларын көруге болады. Чолпон Аламанованың шәкірті, fashion ритейлер әрі дизайнер Толғанай Сембаева өзіне ең қымбат туынды туралы айтып берді.

«Қымбат» «бағалы» деген мағаныны білдіретін «Асыл» панносы. Бұл панноны жасау кезінде анам мен Гаухар әпкемді еске түсіретін киімдер мен құрақтарды пайдаландым. Әрбір бөлігі балалық шағымды, анамның жылы алақанын, бауырсақтың иісі мен ең қымбат бақытты сәттерді еске түсіреді, – дейді шебер, – Құрақ жасау өнері – әрі салт-дәстүрге құрмет, әрі шығармашылыққа кең мүмкіндік, түптеп келгенде, техника үй заттарын да, әшекейлерді де, сондай-ақ бүгінгі таңда трендке айналған өз қолыңызбен жасауға болатын әсем киімдер мен аксессуарларды жасауға мүмкіндік береді. Біз білімімізбен барлығымен бөліскіміз келеді, өйткені бұл техниканы үйрену өте оңай. Оның үстіне «ЭкоҚұрақ» жобасының өзі өте қызықты, сондықтан біз оны Қазақстанда да жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», — дейді Central Asia Fashion қатысушысы Толғанай Сембаева.

Сонымен қатар, қолданбалы өнер шеберлерінің бастамасы ART gallery CAF галереясының келушілерін өзіндік ерекшелігімен таң қалдырып, келушілер өз кезегінде «ЭкоҚұрақ» идеясын кеңейту туралы ойларымен бөлісті: мысалы, CAF бизнес-конференциясының қатысушысы, халықтың сүйіктісі, қазақстандық танымал дизайнер, Aida KaumeNOVA сән үйінің иесі және блогер Аида Кауменова суретшіге кейінірек дизайнерлік киім өндірісінде пайдалануға болатын эко-құрақ маталарынан дайын таспаларды жасау туралы ой салды. Осылайша, дизайнерлердің арқасында эко-құрақ элементтері «жаңаша кейіпке» ие болып қана қоймай, Орталық Азия және жалпы әлем ауқымында экологиялық тазалық идеясын танымал етпек.
Шығарылым деректерін пайдаланған кезде дереккөзді көрсету керек: Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесінің бизнес-конференциясы.

Фотосуреттер Central Asia Fashion баспасөз қызметі тарапынан ұсынылды