АҚШ климаттық мәселелерді шешуді көздейтін Қазақстанның әрекетін қолдайды

Елші Дэниел Розенблюм «Green Energy & Waste Recycling Forum» (GEWR’23) жаңартылатын энергия көздері және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша VII жыл сайынғы Еуразиялық бизнес форумы алаңыда өткен Метан бойынша ұлттық форумға қатысты.

«Байден әкімшілігі тұсында Америка Құрама Штаттары бүкіл әлем бойынша климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға бағытталған күш-жігері мен инвестициясын арттырды. Жаһандық күш-жігердің аясында климаттық проблемаларды шешу және Париж келісімі бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауда АҚШ дипломатиялық өкілдігі Қазақстанға қолдау көрсету үшін жергілікті серіктестермен жұмыс істейді. Өткен жылдардағы зерттеулер мен деректердің нәтижелеріне сүйене отырып, біз Қазақстанның Жаһандық метан келісіміне және “Климат және таза ауа” коалициясына қосылуына көмектесу үшін Қазақстандағы метан шығарындыларына ерекше назар аударғымыз келеді», — деп атап өтті өз сөзінде АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм.

Осы уақытқа дейін АҚШ  дипломатиялық өкілдігі бүкіл Қазақстан бойынша климат пен ауа сапасы саласында 10-нан астам жобаның іске қосылуына жәрдемдесті. Биыл Қазақстанда метан шығарындыларын азайтуға арналған үш жобаға қолдау көрсеттіі. Мысалы, жүзеге асырылып жатқан бір жобаның аясында академия және агробизнес өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстанның 27 университеті метан шығарындыларын азайту бойынша курсына және фермерлерге арналған тұрақты ауыл шаруашылығы мен биогаз өнеркәсібін дамыту бойынша кешенді нұсқаулыққа қол жеткізе алдыі.

Сонымен қатар, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстанның министрліктерімен және энергетикалық секторымен бірлесіп сараптамалық бағалау жүргізу бойынша жұмыс жасауда. Бұл компанияларға және үкіметке мұнай, газ және т.б. энергетикалық салаларда метан шығарындыларын азайтуға көмектеседі.