Астана күніне арналған үлкен мерекелік концерт өтті

ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігінің ұйымдастыруымен Елорда Күніне орай ауқымды концерт өтті.

Ауқымды шоу аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары: Бауыржан Исаев, Әйгерім Алтынбек, Қайрат Түнтеков, Мархаба Сәби, Аргоня, Диная, Қазбек Құрайыш, Диана Исмаил, Ғазизхан Шекербеков, Еңлік Құрарбек, Нұрболат Қанай, Мирас Жүгінісов және басқа да танымал орындаушылар өнер көрсетті.

Сондай-ақ, көрермендерді «Жастар» театрының әртістері, Contrast би ансамблі, «Джентльмен» және «Байжан» топтары, сондай-ақ «Қазақстан дауысы» телешоуының финалистері өз шығармашылығымен қуантты.

«Біріншіден, Астана қаласының барлық тұрғындарын қаланың 25 жылдығымен құттықтағым келеді. Осы іс-шара аясында біз барлық жастағы тыңдаушылар арасында танымал музыканттарды шақыра отырып, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін шын мәнінде ауқымды шоу ұйымдастыруға тырыстық. Келген көрермендердің саны мен олардың қызу қолдауына сүйене отырып, іс-шара лайықты деңгейде өтті деп бағалауға болады», — деді ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.

ҚР МСМ баспасөз қызметі