АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм «Jańa Dala/Green Day 2024» көрме-демонстрациясына қатысты

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм 18-19 шілдеде Ақмола облысының Еңбек кентінде өткен «Jańa Dala/Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрме-демонстрациясына қатысты.

Елші өзінің кішігірім сапарын озық технологиялармен танысу үшін ауылшаруашылық техникасын өндіретін John Deere, Apache және Jarvis сияқты жетекші америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесуден бастады. Содан кейін ол АҚШ павильонына барып, GENEX, АҚШ-тың мал қожалығының кооперативі өкілдерімен кездесу өткізді. Сапар жоспарын жалғастыра отырып, Елші ауылшаруашылық тәжірибелерін көру үшін мал шаруашылығы павильонына барды.

Демонстрациялық алаңның сахнасында Елші Розенблюм: «Бүгін мен Rodeo USA бағдарламасының туралы қуана хабарлаймын. Бұл көпжылдық мал шаруашылығы маркетингінің жаңа бағдарламасы Орталық Азиядан Америка Құрама Штаттарына фермерлерді біздің мүйізді ірі қара және сүт шаруашылығымен танысуға, сондай-ақ, сауда мен ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер жасауға тартады. Осындай демеушілік сапарлар арқылы бағдарлама Қазақстаннан және Орталық Азияның басқа республикаларынан Америка Құрама Штаттарына фермерлерді шақырады. Бағдарламаның мақсаты — мал шаруашылығын озық тұрақты басқаруға жәрдемдесу және АҚШ-тан экспортты, сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту,» деп хабарлап, Rodeo USA бағдарламасы туралы айтты.

Сондай-ақ, Елшіге «Үздік бұқа» байқауының жеңімпазын таңдау құрметі беріліп, іс-шараға қатысушылармен бірге 2024 жылғы Дала күнінде байқауға алғаш рет қатысып жатқан ет және сүт тұқымды ірі қара малды тамашалауға барды. Қазақстандағы қазіргі ірі қара малдың көпшілігі бұрынғы агробизнес серіктестіктері арқылы таныстырылған Америкалық ірі қара малдың тұқымы болып саналады.
Соңында Елші азық-түлік павильонымен танысып, қазақ тағамдарынан ауыз тиіп, қазақстандық және америкалық отбасылар дәмді де, сапалы тағамды бірдей жақсы көретінін атап өтті.

Дала күні форматындағы дәстүрлі агрофорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және Қазақстандағы заманауи ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ аграрлық өндіріс пен агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелердің ең ірі демонстрациялық алаңын білдіреді.