Ақсулық металлургтер күзгі ағаш егу науқанына қатысты
«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері өңірді көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруда. Мұнда ағаш егу жұмысы қызу жүріп жатыр. ERG-дің ауқымды экологиялық стратегиясы аясында зауыт жұмысшылары күзгі маусымда 13 мыңдай жас көшет екті. Көгалдандыру санитарлық-қорғау аймағын ғана емес, сонымен қоса қаланы да қамтыды.
Жаңадан егілген көшеттер арасында жүздеген қайың мен қарағай бар. Бұл ағаштарды металлургтер өздері тұрып жатқан жаңа аудандарына екті. ERG-дің тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйлерде жақында қоныс тойын тойлаған қызметкерлер тұрып жатыр. Үйлі болғасын, ағаш егу – міндетті іс. Жақсы шараның басына жиналған кәсіпорынның Жастар кеңесіне тұрғындар ықыласпен көмектесті.
– Біз үшін ерекше сый болды. Көптен бері көршілеріме «аулаға жасыл желек жетіспейді» деп жүр едім. Тұрғындардың армандары орындалды, — дейді жас ана, құрылысшылар көшесі 41-үйдің тұрғыны Виктория Амирова. – Аққайың мен қарағайлар ұзақ жасасын деген ниеттеміз. Ал біз оларды суарып, күтім жасайтын боламыз. Ағаштың болғаны жақсы. Әдемілік сыйлағаннан бөлек, маңайдың ауасы таза, шаң аз болады.
Тұрғындар жас ағаштарды қадағалап, көктемде тұрақты суаруды қамтамасыз етеміз деп отыр. Өйткені осы әрекеттердің болмауы – ағаштардың тамыр жайып, жерсініп кете алмауына әкеп соғады. Осыны ескере отырып, Ақсу ферроқорытпа зауыты ағаш егу жұмыстарына мердігерлерді тартты. Олардың міндеті – жасыл желектердің жерсіну деңгейін арттыру. Келісімшартта қураған көшеттерді 100 пайызға ауыстыру қарастырылған.
– Компаниямызда бірнеше жылдан бері «Жасыл Қазхром» жаппай экологиялық қозғалысы бар. Бұл Қазақстанның түрлі өңірінде орналасқан Қазхром кәсіпорындары қызметкерлерін біріктіреді. Ағаш егу – экологиялық әрекеттің бір бағыты ғана, — дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Мұсабек Мақашев. – Зауыт жұмысшылары пластмасса секілді қалдықтарды жинап, өзен жағалауын тазартады. Пакеттердің орнына экологиялық таза шопперлерді пайдаланады және балаларын да осы әдеттерге баулып келеді. Біз қызметкерлеріміздің компанияның құндылықтарына адалдығына қуаныштымыз. Ірі металлургиялық кәсіпорын ретінде қоршаған ортаға артар салмағымызды жақсы түсінеміз және бұл олқылықтарды азайту үшін барлығын жасаймыз. Табиғатқа қамқорлық жасауда әр адам өзінің жеке әдеттеріне де жауапты болу қажет.
Биыл күзде Ақсу ферроқорытпа зауытының санитарлық қорғау аймағына 500 тал егілді. Күн суытпай тұрып зауыт жұмысшылары тағы 12 мыңнан астам ағаш егуді жоспарлап отыр.