Қазақстанда автокөліктердің тозуын есептейтін онлайн-сервис пайда болды

Жол-көлік оқиғасынан кейінгі сақтандыру төлемін есептеу үшін әрбір сақтандыру компаниясы автокөліктің амортизациялық пайызын ескереді. Енді бұл көрсеткішті барлығы онлайн түрде есептей алады.

Жол-көлік оқиғасы – жағымсыз оқиға. Сонымен қатар, сізге жол полициясын күту, құжаттарды толтыру, сондай-ақ сақтандыру төлемінің сомасын анықтау қажет. Оған бірнеше факторлар әсер етеді — көліктің шығарылған жылы, жүгіріс, оның жағдайы және т.б. Сақтандыру төлемінің мөлшеріне әсер ететін негізгі шарттардың бірі — автокөліктің амортизациясы.

Амортизация – бұл көлік құралының, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерінің тозуын есепке алу. Кез келген машинаның өз ресурсы болады, олар жұмыс кезінде таусылады. Амортизацияның пайыздық мөлшерін анықтау үшін автомобильді пайдалану шарттарын білуіңіз керек. Сақтандыру төлемдерін есептеу және өңдеу үшін сақтандыру компаниялары заң бойынша амортизацияны есепке алуды талап етеді. Сондықтан сақтандыру төлемінің көмегімен сіз көлігіңізді өзінің жылына сай жөндей аласыз, одан артық  үміттенбеуіңіз керек — мұнда сақтандырушылар заңмен шектелген. Ол көлік құралының санаты, маркасы, шығарылған жылы, ағымдағы жүгіріс сияқты көрсеткіштер арқылы есептеледі. Енді https://ffins.kz/wear-vehicle сайтындағы тозу калькуляторы арқылы көліктің тозу дәрежесін 5 минутта білуге ​​болады.

“Амортизация калькуляторын құрудың бастамашысы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі болып табылады. Идеяны реттеушімен талқылай келе, біздің компания оны жеңіл және қарапайым қызмет түрінде автокөлік иесіне залалды есептеу әдістерімен және күрделі тұжырымдарымен ауыртпалықсыз тікелей веб-сайтта жүзеге асыруға шешім қабылдады. Біз іс жүзінде кәдімгі калькулятордан аса күрделі болмайтын есептеу механизмін әзірлеуді шештік. Бұл құрал көлік иелеріне амортизацияны есептеуге көмектеседі, сонымен қатар халықтың қаржылық сауаттылығын, атап айтқанда сақтандыру саласында дамыту құралы рөлін атқарады.  Сондай-ақ көлік иелері есептердің ашықтығын өздері бағалай алады”, — деді Freedom Finance Insurance АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев.

Көліктердің құнын анықтау әдістемесі сот-сараптамалық автомерчандайзингтік зерттеу аясында әзірленді. Әдістемені әзірлеу кезінде көлік құралдарының нарықтық құнын, жөндеу жұмыстарының құнын және бұзылған көлік құралдарының тауарлық құнын жоғалтуды анықтау үшін жүйелі және арнайы сараптамалық білім пайдаланылды. Сондай-ақ олардың жарамды қалдықтарының бағасы, автомобиль тауарлық зерттеулері аясында көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сондай-ақ жөндеуге есептелген уақыт ескерілді.

Қажетті жолдарды толтыру және “амортизацияны есептеу” түймесін басу арқылы көлік амортизациясының калькуляторы сіздің көлігіңіздің амортизациясының пайызын көрсетеді. “Бұл көлік құралының төлемге жатпайтын физикалық тозу сомасы. Мысалы, 2012 жылғы 180 000 км жүрістегі Kia автокөлігін қалпына келтіру жұмыстарының құны 500 000 теңгені құраса, ал амортизация 64,68% есептелсе, онда бұл жағдайда сақтандырушы 500 000 теңге 64,68% сомасын алып тастап төлем жасайды. 500 000 теңгеден 323 400 теңге (64,68%) шегеріліп, төлемге 35,32%, яғни 176 000 теңге қарастырылады екен. Егер пайдаланушының ағымдағы жүгірісті көрсету мүмкіндігі болмаса (апаттардың салдарынан панельдік дисплей көрсетілмесе), онда бұл жағдайда есептеу үшін ұқсас көліктің орташа жылдық жүгірісін алуға болады”, — деп түсіндірді Freedom Finance Insurance АҚ сақтандыру төлемдері департаментінің директор Қанат Әліғұлов.

“Бұл құрал сақтандыру компанияларының клиенттеріне автокөліктердің амортизациясын есептеу алгоритмдері туралы түсінік береді. Әзірлеу қандай құрамдас бөліктерден тозу пайызы есептелетінін және соңғы көрсеткіште қандай негізгі фактор екенін анық көрсетеді. Ол сақтандыру компаниясының есептеулері үшін тексеру құралы болады”, — деп атап өтті маман.