Ақтөбе әуежайы Астана мен Алматыға рейстер санын арттырды
2023 жылдың қорытындысы бойынша әуежай 900 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 142 мың жолаушыға артық, сонымен қатар әуе айлақтан 4,1 мың рейс ұшты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 92 рейске артық, 11 мың тонна жүк өңделді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 мың тоннаға артық, деп хабарлайды Ақтөбе қаласының әуежайының баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда Ақтөбе әуежайынан 9 бағытта рейстер орындалады, оның ішінде 5 ішкі бағыт бойыншы (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан) және 4-і халықаралық бағытта (Ыстамбұл, Шарм – Эш – Шейх, Доха, Пхукет). Жүк рейстері негізінен 3 елге жүзеге асырылады: Түркия, Қытай және БАӘ.
2023 жылғы 27 қазанда FlyArystan әуекомпаниясы Дохаға рейстер ашты.
Алматыға рейстер 16 рейстен аптасына 23 рейске дейін, Астанаға аптасына 25 рейстен 33 рейске дейін, сондай-ақ Антальяға аптасына 4 тен 9 рейске дейін артты.
Жалпы, 2020 жылдан бастап Нүкіс, Тбилиси, Ыстамбұл, Қазан, Баку қалаларына халықаралық тұрақты рейстер, Дубай, Рас – Эль – Хайма, Доха, Пхукетке чартерлік рейстер ашылды.