Алматы Халықаралық әуежайын жолаушылар саны 2023 жылы өседі
Туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жазғы демалыс және каникул уақытында рейстердің ұлғаюына байланысты Алматы Халықаралық әуежайында жолаушылар мен қала қонақтарының күрт өсуі байқалады.
Бүгінгі таңда қолданыстағы әуежай терминалының өткізу қабілеті жылына 2,7 млн. адамды құрайды. Алматы Халықаралық әуежайы 2022 жылы 7,2 млн.астам жолаушыны қабылдады және 2023 жылы жолаушылар ағынын 8 млн. дейін ұлғайту жоспарлануда.
Осы кезеңде Алматы Халықаралық әуежайының аумағында қосымша кезектер мен кептелістер байқалуы мүмкін.
Біз өткізу қабілеті 7 млн.адамды құрайтын және қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына қажетті жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін жаңа Халықаралық Жолаушылар Терминалының құрылысын тезірек аяқтау үшін бар күшімізді саламыз.
Корпоративтік Коммуникациялар Департаменті
Алматы Халықаралық әуежайы