Алматы-Қонаев тас жолына жол қауіпсіздігі тақырыбына арналған билбордтарды орнатылды
inDrive.Межгород Қазақстанның Көлік министрлігі және ІІМ-мен бірлесіп Алматы-Қонаев тас жолына жол қауіпсіздігі тақырыбына арналған билбордтарды орнатты
Тамыз айының басынан бастап Алматы-Қонаев тас жолында қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған билбордтарды орналастыру бойынша тест-жоба іске асырылып келеді. Бұл inDrive.Межгород, Көлік министрлігі және ІІМ-нің бірлесе өткізіп жатқан акциясы.
Алматы-Қонаев тас жолының бұл учаскесі кездейсоқ таңдалған жоқ. ІІМ мәліметі бойынша, Қазақстанда жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болады және дәл Алматы облысы апаттық деңгейі жоғары аймаққа жатады. Құқықтық статистика комитеті ұсынған апаттық карта негізінде ең қауіпті аймақтар анықталды, онда ЖКО жиі орын алады. Жол апаттарының негізгі себептеріне жылдамдықты шектен асыру, жүргізушінің шаршауы немесе ұйқы қысуы жатады.
Осы учаскелердің бірінде inDrive Көлік комитетімен және ІІМ-мен серіктесе отырып үш билборд орнатты. Олар бір-бірінен 200 метр қашықтықта орнатылған, олардың идеясы ортақ және билбордтар жүргізушінің назарын аудару үшін жүргізушімен диалог жүргізеді. Біріншісі: «Ұйықтамадың ба? Рөлге отырма»; екінші баннер: «Тек 4 сағат ұйықтадың ба? ЖКО-сы да “тек” 4-ақ есе қауіпті»; үшіншісі: «Ұйқың келсе – ұйықта, жолда өзіңді сақта» деп ұрандайды.
«Жолдағы қауіпсіздік – жол қозғалысына қатысушылардың барлығының жауапкершілігі, әрқайсымыз өзімізді және жақындарымызды ойлауымыз керек. inDrive-тың креативті әлеуметтік жарнамасы арқылы біз жол қозғалысына қатысушылар мен жұртшылықтың назарын жол апаты мәселесіне аударып, әрбір адамды үйде күтіп отырған жақындары туралы ойлануға шақырамыз», — деп түсіндірді ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова.
inDrive.Межгород басшысы Борис Хван:
«inDrive, Көлік министрлігі және ІІМ-нің бірлескен бастамасының мақсаты – қалааралық тас жолдардың ең қауіпті учаскелерінде ЖКО проблемасына назар аудару. Біз қорқынышты ұрандардан әдейі бас тартып, оларды жүргізушілерге арналған позитивті хабарламалармен алмастырдық, себебі зерттеулерге сәйкес оларға жиірек назар аударылады. Біздің барлық пайдаланушыларымыздың қауіпсіздігі – әрқашан да біздің басты артықшылығымыз болмақ. Біз осы тақырыпқа жақын арада бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз»
Сондай-ақ қосымшада жақында жаңарту пайда болады. ЖҚЕ (Жол қозғалысы ережелері) бойынша онлайн сабақтардан өткен және тест тапсырған, рейтингі жоғары жүргізушілерге арналған «Үздік жүргізуші» функциясы пайда болады. Маусым айында Көлік министрлігі және ІІМ өкілдерінің қатысуымен платформаның 160 жүргізушісі үшін жол қауіпсіздігі және қызмет сапасын жақсарту бойынша білім беру семинары өтті. Осы шаралардың барлығы inDrive, Көлік министрлігі және ІІМ арасындағы қалааралық және қалаішілік тасымалдардың қауіпсіздігін арттыру шараларын өткізу туралы меморандум аясында өтеді. Бұл бастама 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап рулі оң жақта орналасқані автокөліктерді жүйеден шығару, жүргізушілерді оқыту және ІІМ-мен ереже бұзғандар туралы деректерді алмасу шараларын да қамтиды.