Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев балаларды Жаңа Жыл мерекесімен құттықтады
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасы Президентінің атынан 100 мың теңгеден 200 балаға тарту етіп, сыйлықтар табыстады
«Қош келдің Жаңа жыл!» атты балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы Қазақ мемлекеттік циркінде ұйымдастырылды. Жаңа жылдық мерекеге жалпы саны 1200 бала қатысып, барлығы сыйлықтарға ие болды. Балаларға клоундар, роликті акробаттар, әуе гимнасттары, партерлік ұшу, жануарлармен цирк жанрында 2 сағат бойына көрсетілімдер қойылды.
Жаңа жылдың символы ретінде 12 метрлік Алтын айдаһардың шығуымен аяқталды.
Сонымен қатар, Облыстық қиын өмір жағдайындағы қалған балаларды қолдау орталығына аяқ басты.
Облыс әкімі М.Е.Сұлтанғазиевті балалар үйінің директоры Р.Ж.Бекишова және мектепке дейінгі топ бүлдіршіндерімен бірге қарсы алды.
Өңір басшысы Марат Елеусізұлы балаларды Жаңа Жылмен құттықтап, Балалар үйіне сыйға автобус кілтін табыстап (Yutong ZK6745DX, 25 орындық), қосымша жұмсақ ойыншықтар, тәттілер салынған дорбашаларды сыйлап, қуантты.