Алматы жетім балалар мен осал санаттарға әлеуметтік тұрғын үйдің 20%-ын береді

2025 жылға арналған жоспар 7 284 адамды, оның ішінде жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді қамтиды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша белгіленген 20% квотаға сәйкес көпбалалы отбасыларды, халықтың әлеуметтік осал топтарын және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін қоса алғанда, азаматтардың неғұрлым осал санаттарына тұрғын үй беріледі.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезектілік тәртібімен ғана беріледі. 2024 жылы осы бағдарлама бойынша 5 594 адам баспанамен қамтамасыз етілді.
Бағдарлама аясында 2000 азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтерлер алды. Оның ішінде 404 пәтер жетім балаларға бөлінді, бұл берілген тұрғын үйдің жалпы санының 20% — на сәйкес келеді. Сонымен қатар, өткен жылы 257,7 млн теңгеге 207 тұрғын үй сертификаты берілді. Сертификат алушылар 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, көпбалалы отбасылар және жетім балалар болды.
2025 жылы ХӘОТ және жетім балаларға бөлінетін тұрғын үй үлесі 20% деңгейінде сақталады.
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы