Алматыда Barista Cup-2024 бірінші байқауы өтті
Байқау бариста мамандығы бойынша жұмыс істейтіндерге өз шеберліктерін көрсетуге, креативтілік танытып, бас жүлде – 1 миллион теңгені жеңіп алу үшін сайысқа түсуге бірегей мүмкіндік болды. Сонымен қатар, байқаудың үш жеңімпазы Motorola Еdge 50 Pro смартфонына ие болды.
Қатысушыларды тіркеу онлайн режимінде өтті.
Байқау үш кезеңде өткізілді. Бірінші кезең Кофе викторинасы деп аталды, оған қатысушылар кофеге қатысты сұрақтарға жауап берді: шығу тегі, өңдеу әдістері, қуырылуы, сусындардың жіктемесі, индустрия тарихы және кофе әлемінің басты тұлғалары. Викторина қорытындысы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген 24 қатысушы екінші кезеңге өтті.
Екінші кезеңде бариста байқауына қатысушылар берілген латте -артпен 12 капучино дайындады. Үздік нәтиже көрсеткен 12 қатысушы сайысты финалда жалғастырды. Үшінші кезеңде қатысушылардың екі судьяға төрт сусын дайындап беруі, рецептілер мен дәмдік ерекшеліктер туралы жекелеп әңгімелеп беруі көзделген болатын.
Конкурспен қатар кофе индустриясы сарапшыларының латте-арт, демдеу әдістері және кофені сенсорлық талдауға арналған шеберлік сыныптары өтті.
Байқаудың ұйымдастыру комитетінің басшысы Дмитрий Ляпин Barista Cup бариста ретінде істейтіндерге тәжірибе алмасу және кәсібилік деңгейін арттыру үшін маңызды платформа болғанын атап өтті. Ол байқаудың серіктестеріне, әсіресе бас әріптес — Lactel сауда маркасы бар FoodMaster компаниясына алғысын білдірді.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына Елизавета Носова (Ресей), Әйгерім Ермаханова (Қазақстан), Александр Кулешов (Қазақстан), Павел Чагай (Қазақстан), Марко Валерио Солини
(Италия/Қазақстан) және Әлішер Байболатов (Қазақстан) сияқты сарапшылар кірді.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды бариста Жұмажанов Рауан иеленді.
«Өзімді әр түрлі бағыттарда сынап көрдім, бірақ бариста болуға оқытамыз, деген хабарландыруды көріп, оқуға бардым, содан бері менің бүкіл өмірім кофемен байланысты. Қазір менің дән қуырумен айналысатын жеке компаниям бар, біз кофеханалар мен мейрамханаларды қамтамасыз етеміз. Жуық арада қарындасым тұрмысқа шықпақ, оған материалдық жағынан көмектескім келіп еді. Енді оған өзімнің жүлдемді беремін. Ұйымдастырушыларға конкурсты керемет ұйымдастырғандары үшін рахмет, байқау бұдан былай да жалғасып, дами берсін«, — деді Рауан Жұмажанов.
Екінші орын латте-арт техникасына маманданған Маргарита Ерболоваға бұйырды.
«Менің бариста ретінде істеген шамамен алты жыл тәжірибем бар. Бұрын даяшы болып жұмыс істегем. Баристаның кофе жасап жатқан сәтін көргенде, мені бұл процесс қатты сүйсіндірді. Мен латте -арттің қалай жасалатындығын, көбікке әдемі суреттердің қалай салынатындығын көре бастадым. Бұл техника мені шабыттандырды және мен қазір латте -арт маманымын. Сурет неғұрлым күрделі болса, соғұрлым қызықтырақ болады. Бариста көңіл-күйді тудырады. Ол шыдамды және көпшіл болуы керек. Біздің міндетіміз-қонаққа кофенің не екенін көрсете білу«, — деді Маргарита Ермолова.
Үшінші орынды бариста Жәнібек Славян иеленді.
Ұйымдастырушылар бариста үшін маңызды қасиеттер өнімге деген сүйіспеншілік пен дамуға деген ұмтылыс екенін атап өтті. Байқауға қатысушылар шеберлік сабақтарында кәсіби білім алып, жаңа адамдармен танысты. Кейбіреулер үшін байқау өз сусынын ұсына білудің жақсы тәжірибесі болды. Barista Cup Қазақстанда кофе мәдениетін дамытуға және өңірлерде баристаның кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететін жыл сайынғы оқиға болады деп жоспарлануда.