«Аралас неке» әлеуметтік фильмінің тұсауы кесілді
Chaplin кинотеатрында КТК телеарнасының тапсырысымен түсірілген Ольга Сапожникованың «Аралас неке» (Смешанные браки) әлеуметтік фильмінің тұсауы кесілді. Фильмнің эксклюзивті көрсетілімін GAC GS8 сенімді кроссоверлерінің қолдауымен өткізілді.
Аралас неке — «Өзіңе апаратын жол» («Путь к себе») деректі бағдарламасының бір бөлігі. Ұлт аралық неке тақырыбы қашанда қоғамның назарын аударып келеді. Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы әрбір бесінші неке аралас болып табылады. Бірақ мұндай ерлі-зайыптылардың тағдыры қандай, біздің қоғамда оларға қалай қарайды, балалары қандай дәстүрде тәрбиеленеді?! Бұл сұрақтарға деректі фильмдердің режиссері әрі фильм авторы Ольга Сапожникова жауап беруге тырысты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстандағы «аралас» некелердің үлесі шамамен 15,5%-ды құрайды. Кейбір сарапшылар мұндай неке ұлттық болмыстың жоғалуына әкеліп соғады деп есептесе, басқалары, керісінше, отбасы құндылығын арттырады. Себебі, адамдар басқа мәдениет пен менталитетпен танысады. Ольга Сапожникова мұндай неке отбасында ғана емес, жалпы елде татулық, төзімділік пен түсіністік әкеледі деп санайды:
«Кино продюсерлік еңбек жолымда түрлі әлеуметтік мәселелерге арналған 10-нан астам деректі фильм түсірдім. «Аралас неке» фильмі «Өзіңе апаратын жол» сериясына жатады, өйткені бұл фильмдер бізді отбасымыздағы берекені қалай сақтауға, төзімділік пен түсіністікке үйренуге болатыны туралы ойлануға мәжбүр етеді. Бүгін сіздер үшін бұл фильмнің эксклюзивті көрсетілімі болды. Алайда қазақстандықтар үшін әлі кең көрсетілімге шықпайды. Осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін серіктесімізге GAC GS8-ке алғыс айтамыз»
«Өзіңе бастар жол» цикліне сонымен қатар қазақ боксшысы, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев туралы «Серік Сәпиев. Олимпке жол» фильмі Мәскеу кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. Жақында «КТК» телеарнасында «Ұзақ өмір» фильмінің премьерасы өтті, онда фильм кейіпкерлері белсенді ұзақ өмір сүрудің құпияларымен бөліседі.
Фильмнің көрсетілімі GAC Motor ірі автомобиль концернінің GAC GS8 сенімді кроссоверлерінің қолдауымен өтті.
Қазақстандағы GAC коммерциялық директоры Никита Кормышев:
«GAC – бұл премиум класстағы автомобильдер қатарындағы сапа, инновация және сенімділік қана емес. Бұл белсенді әлеуметтік ұстанымы бар жаһандық бренд. Біз тек қызықты ғана емес, қоғамға пайдалы іс-шараларды қолдауға ұмтыламыз. Сондықтан біз бүгін сіздермен біргеміз»
«Аралас неке» фильмі 2024 жылдың соңында ғана YouTube арнасынан тамашалауға болады.