Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 8 айдағы атқарған жұмысы туралы айтылды

2024 жылдың басынан бері Департаментке жеке сот орындаушылардан       1 431 ұсыныс келіп түскен. Оның 291-і Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16% өскен. Нәтижесінде 38 борышкер қамауға алынып, 212 борышкерге айыппұл салынды, 6 әкімшілік іс сотпен қысқартылып, 25-і соттың қарауында.

Алимент санаты бойынша 98 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде 90 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 23% өскен.

Борышкерлер де қылмыстық жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде Полиция органдарына 151 ұсыныс жіберілді.

Жеке сот орындаушыларының жұмысы да нәтижелі болды: жалпы 2,1 трлн. теңге сомасына 586 550 атқару құжаты болып, оның ішінде 211 069 іс аяқталды. 10,5 млрд. теңге өндіріліп, 17 931 өндіріс аяқталды. Алимент төлемдеріне келетін болсақ, жалпы 24 698 іс жүргізіліп, 2 149 іс аяқталған.

Сондай-ақ, Мемлекет кепілдік берген заң көмегі саласында оң динамика бар. Биыл көмек алған адамдардың саны 45% өскен.

Нотариустардың, адвокаттардың және Заң кеңесшілерінің қызметін ерекше атап өткен жөн. Астанада 834 жеке нотариус, 802 адвокат және 2 903 заң кеңесшісі жұмыс істейді. Көптеген өтініштер қаралып, тәртіптік жауапкершілік шаралары қабылданды. Сондай-ақ, кепілдендірілген заң көмегі бойынша бірқатар іс-шаралар өткен.

Екі нотариус лицензиясынан айырылды.  Департамент 12 293 құжатқа апостиль қою  мемлекеттік қызметі көрсеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өскен.

Зияткерлік меншік құқығы бойынша 5 әкімшілік іс қаралып, мемлекет пайдасына 310 128 теңге өндірілді.

Атқарылған жұмыстар Департаменттің белсенді және мақсатты жұмысынның нәтижесін көрсетеді. Сондай-ақ, кепілдік берілген заң көмегі және заңды тұлғаларды тіркеу саласында азаматтардың ақпараттық хабардарлығын арттыруға күш салуда.