Астанада 457 мыңнан астам бала мемлекет есебінен МӘМС жүйесіне қамтылған
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі «сақтандырылған» жеңілдік мәртебесі балаға туу туралы куәлік берумен бірге туғаннан бастап беріледі. Бұл не береді және оны қалай пайдалануға болады?
Сақтандырылушы мәртебесі жүйенің барлық қатысушыларына медициналық ұйымдарда қаржылық шығындарсыз, дәлірек айтқанда МӘМС қаражаты есебінен жоспарлы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте 18 жасқа дейінгі балаларға жүйеге қатысуға олар үшін ай сайынғы жарналарды төлей отырып, мемлекет кепілдік береді. Сақтандырылған пациент өз құқықтарын пайдалану үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға тіркелу қажет.
Өмірге қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетілетін барлық медициналық көмек жоспарлы болып саналады. Яғни, бұл медициналық көмекті белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру науқастың жағдайының нашарлауына әкелмейді. Бұған алдын ала жазылу немесе өз бетінше жүгіну бойынша тіркелген жері бойынша профилактикалық іс-шаралар да жатады.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 мамырына МӘМС жүйесінде Астанада тұратын 457,2 мың балаға жеңілдік мәртебесі берілді. Бұл туралы «Saqtandyry»ақпараттық жүйелерінің деректеріне сілтеме жасай отырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалында хабарлады.
Балаларға қандай медициналық көмек көрсетіледі?
- Кеңес беру. Бұл педиатр қабылдау және мамандардың кеңесі;
- Диагностикалық. Бұл барлық зертханалық зерттеулер мен диагностикалық зерттеулер, соның ішінде қымбат;
- Емдік-профилактикалық көмек. Яғни, жедел және созылмалы аурулардың уақытылы алдын алуға және ерте анықтауға, шұғыл және жоспарлы емдеу процедураларын жүргізуге бағытталған профилактикалық және іс-шаралар кешені.
- Балаларды тәулік бойы стационарға, күндізгі стационарға жіберу және көрсетілімдер болған жағдайда үйде стационар ұйымдастыру;
- Диспансерлік есепте тұрған созылмалы және әлеуметтік маңызы бар, аурулары бар балаларды динамикалық бақылау, емдеу және сауықтыру;
- Емдеу және медициналық оңалту;
- Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек;
- Жаңа туған нәрестелер мен жас балаларға патронаж және бірнеше рет бару;
- Жаңа туған нәрестелер мен жас балаларға скрининг жүргізу;
- Профилактикалық егу мерзімдеріне сәйкес вакцинациялауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
- Балаларды мектепке дейінгі немесе мектеп мекемелеріне түсер алдында сауықтыруды ұйымдастыру;
- Ата-аналармен және отбасы мүшелерімен немесе заңды өкілдерімен дұрыс тамақтану, балалар ауруларының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс.