Алғаш рет қазақстандық боксшы қыздар олимпиада жүлдесіне таласады

Бокстан Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Париж Олимпиадасының іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша, бірінші рет 3 бірдей аруымыз жүлдеге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

50 кг. Назым Қызайбай
57 кг. Карина Ибрагимова
75 кг. Валентина Хальзова

Бұған дейінгі 3 Олимпиадада әйелдер арасында екеуден көп боксшымыз қатыспаған.

🇬🇧2012 жыл. Лондон Олимпиадасы
2 боксшы — 🥉1 қола жүлде

🇧🇷2016 жыл. Рио Олимпиадасы
2 боксшы — 🥉1 қола жүлде

🇯🇵2021 жыл. Токио Олимпиадасы
1 боксшы — жүлде бұйырмады.