Бокстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады

Бокстан Бангкок қаласында өтіп жатқан соңғы лицензиялық турнирде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж ойындарының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Шешуші айқаста Ұлттық құрама спортшысы (63,5 кг) Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-рет толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ ОСЫ САЛМАҚТАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІМІЗ:

2021 жыл. Токио Олимпиадасы
63 кг. Закир Сафиуллин (1/4 финал)

2016 жыл. Рио Олимпиадасы
64 кг. Абылайхан Жүсіпов (1/16 финал)

2012 жыл. Лондон Олимпиадасы
64 кг. Данияр Елеусінов (1/4 финал)

2008 жыл. Бейжің Олимпиадасы
64 кг. Серік Сәпиев (1/4 финал)

2004 жыл. Афина Олимпиадасы
64 кг. Нұржан Кәрімжанов (1/4 финал)

2000 жыл. Сидней Олимпиадасына қатыспады.

1996 жыл. Атланта Олимпиадасы
63,5 кг. Болат Ниязымбетов (қола жүлде).