Астанада жаңа оқу жылы алдындағы дайындық басталды
Оқу жылының басында елордада 282 150 оқушы оқитын 187 мектеп болады. Оның 110 мемлекеттік, 70 жекеменшік және 7 республикалық мектеп.
Қазіргі таңда 24 100 бала бірінші сыныпқа қабылданған. Жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 28 мың баланы қабылдау жоспарланып отыр.
Оқу жылының соңында қалада 8 үш ауысымдық және бала саны шамадан тыс 16 мектеп болды. Астана қаласы бойынша мектептердегі орын тапшылық 27 800 оқушы орнын құрады. Осы мәселені шешу үшін ағымдағы жылы бір ауысымда 49 790 орынға арналған 32 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бір ауысымда 30 290 орынға есептелген 21 мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Қыркүйек айында бір ауысымда 15 850 орынға арналған 12 мектеп пайдалануға беріледі. Желтоқсан айында бір ауысымда 14 440 орындыққа арналған қосымша 9 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде биылғы жылдың соңына дейін үш ауысымда оқитын 6 мектептің, бала саны шамадан тыс 9 мектептің мәселелері шешім тапқан. Үш ауысымда оқитын 2 мектептің және бала саны шамадан тыс 7 мектептің орын тапшылығы мәселесі 2025 жылы шешіледі.
Барлығы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 90 мың орындық 24 мектеп салынады. Оның 15 қарқынды дамып келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында орналасады.
2024 жылға барлығы 33 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 31 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Бүгінгі таңда 25 білім мекемесінде барлық жұмыстар аяқталды. Қалған 8 мекеме жұмыстарын жиырма бесінші тамызға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
1-10 тамыз аралығында барлық мекеме нысандардының жаңа оқу жылына дайындығы тексерілген. Биыл 5 бағыт бойынша (физика, биология, химия, STEM және робототехника) 56 пәндік кабинет сатып алынады. Бүгінге дейін 18 кабинет жеткізілген, 25 кабинет 1 қыркүйекке дейін, қалған 13 кабинет ағымдағы жылдың соңына дейін алынады.
Жаңа оқу жылында 1,3 млн дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алынады. 20 тамызға дейін қаладағы барлық оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етілетін болады.
Қазіргі уақытта Астана қаласында 32 колледж жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында 40 мыңнан астам студент 73 мамандық және 121 біліктілік бойынша білім алуды жоспарлап отыр, оның ішінде 27 мың студент (67%) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша. Биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы өткен жылмен салыстырғанда 3 500 орынға ұлғайған. Қазіргі таңда колледжге құжаттарды қабылдау жалғасуда. Байқау қорытындысы 23 тамызда білім басқармасының сайтында жарияланады.
Қазіргі уақытта қала бойынша 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес, №29,31 мектепте жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімдері тамыз айының соңында, ал №41 орта-мектепте қазан айына жоспарланған. Сондай-ақ, елордада күрделі жөндеуді қажет ететін басқа да мектептерге жергілікті атқарушы органмен жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және күрделі жөндеуді кезең-кезеңімен жүргізу жоспарланған.
2024 жылы 2 мемлекеттік (Астана қаласы әкімдігінің № 95,96 мектеп-гимназиялары) және 6 жеке меншік («Vista school», «Urban school», «Perspective school», «Saqr Bin Mohammed Al Qasimi», «3D club», «Уорлдвайд эдукейшн») мектептер бас лицензия алған.
Қыркүйек айында лицензиясыз және лицензияға қосымшасыз қызметін бастаған мектептер анықталған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл мәселе бойынша департамент білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті хабарламалар жолдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.