Aviasales.kz 2023 жылы әуе билеттерін алу кезіндегі үнемдеу жолдарымен бөлісті

Aviasales.kz талдаушылары соңғы жылдағы әуе билеттерін іздеген миллиондаған адамдардың әрекеттеріне талдау жасай келе, қолдануға болатын лайфхактарды тапты.

 Брондау кезеңін дұрыс таңдаңыз

 Aviasales.kz пайдаланушыларының шамамен 700 000 000 сұратымына жасалған талдау оңтайлы брондау уақыты мезгілге, сұранысқа және бағытқа тікелей байланысты екенін көрсетті.

Жазғы уақытқа

Жалпы Қазақстан бойынша ұшу үшін жазғы уақытта ең тиімді брондау кезеңі үш-алты апта бұрын екен. Ал шетелге — екі-үш ай бұрын.

Бұл әмбебап формула, бірақ кейбір бағыттарға бұдан кештеу брондауға да болады.

Алматыдан

  • Пхукетке
  • Мәскеуге және Екатеринбургқа — 15-40 күн бұрын
  • Ыстанбұлға (Стамбулға), Анталияға, Тбилисиге, Бакуге — 40+ күн бұрын

Астанадан

  • Мәскеуге, Екатеринбургке, Новосибирскке — 20-40 күн бұрын
  • Стамбулға, Анталияға, Тбилисиге, Бакуге —30+ күн бұрын

Басқа уақытта

Күзде

  • Қазақстан бойынша — бір-үш апта бұрын
  • Шетелге — неғұрлым ертерек

 Қыста

  • Қазақстан бойынша — екі-үш ай бұрын
  • Шетелге — үш апта бұрын, дегенмен Грузияға — мейлінше ертерек болғаны дұрыс

 Көктемде

  • Қазақстан бойынша — екі-үш ай бұрын
  • Шетелге — үш ай бұрын. Бірақ Мысырға, Израильге, БАӘ-не, Италияға және Сербияға — 40-80 күн бұрын

Мейрам күндеріне — үш ай бұрын және одан да ертерек

Бұрынғы айлаларыңызды ұмытыңыз

Бірқатар пайдаланушылар әуе билеттерін аптаның кейбір күндері басқа күндерге қарағанда арзанырақ сатып алуға болады деген сенімде екен — бұл сауал қойылған адамдардың 79%-ның пікірі. Саяхаттаушылардың үштен бір бөлігінен астамы бағалар iPhone және Android пайдаланушылары үшін әр түрлі деп санайды екен.

Кеңінен тараған аңыз әңгімелерге қарамастан, 700 000 000 сұратымның талдауы әуе билеттерінің бағасы апта күніне, тәуліктегі уақытқа және іздеу салынған девайс түріне байланысты емес екендігін анық көрсетті.

Кеңінен тараған аңыз әңгімелерге қарамастан, 700 000 000 сұратымның талдауы әуе билеттерінің бағасы апта күніне, тәуліктегі уақытқа және іздеу салынған девайс түріне байланысты емес екендігін анық көрсетті.

Сондай-ақ, билеттің бағасы бағыт бойынша жасалған іздеулер немесе шертулер санына қарай өзгермейді.  Яғни, қандай да бір қысқа уақыт ішінде Алматы – Ыстанбұл бағытындағы әуе билетін сол бір күндерге қайта-қайта іздей бергеннен билет бағасының өзгеруі екіталай. Бірақ ең арзан билеттер тез сатылып кетеді.

Кейде бағыт бойынша ұшатын билеттің бағасы күні жақындағанда төмендейді. Сол сәтті жіберіп алмас үшін Aviasales.kz  сайтында қажетті билет бағасының төмендегені туралы хабарлайтын мәлімдемеге жазылып қойыңыз.

Шетелге саяхаттау үшін балама әуежайларды таңдаңыз

атын немесе ұшып келетін нақты бір әуежайға байланбасаңыз, шетелге саяхат арзынарық түсуі мүмкін. Мәселен, Бакуге Алматыдан емес, Ақтаудан немесе Астанадан ұшуға болады. Бірақ осы орайда балама әуежайға жету үшін жұмсалатын қаражат пен уақытты есептеп алғаныңыз жөн.

Ыңғайлы хабтарда ауысып отыратындай бөлек билеттер брондаңыз

 Ұзақ бағыттарға ауысып отырып саяхаттау үшін ыңғайлы хабтарды таңдаңыз және билеттерді бөлек брондаңыз. Алматы – Кутаиси және Кутаиси – Берлин.

Онлайн-тревел агенттіктері мен әуе компаниялары қолжетімді брондау нұсқаларын жинақтайды. Қарапайым тілмен айтқанда: кіммен келіссеңіз, сонымен ұшасыз. Бірнеше ұшудан тұратын мұндай комбода бір әуе компаниясының, оның альянс бойынша серіктестерінің  немесе код-шерлар бойынша серіктестерінің билеттері болады. Осы ретте рейстерді өздігіңізден тіркестіретін болсаңыз, әлдеқайда арзан әрі жеңілдеу шығуы мүмкін.

Еуропаға баратын хабтар

 Қазіргі уақытта қазақстандықтар үшін Еуропаға ұшуға арналған ең ірі хаб – Түркия (Ыстанбұл) және Грузия (Кутаиси), БАӘ (Абу-Даби). Бұл елдерден Еуропаның кез келген жеріне ұшып кетуге болады.

Германия, Италия және Франция елдеріне Ташкенттен тікелей рейспен ұшуға болады. Ал Кипрге, Австрияға, Италияға, Бельгияға және өзге Еуропа мемлекеттеріне – Ыстанбұл, Кутаиси немесе Абу-Даби арқылы.

АҚШ-қа ұшатын хабтар

 Нью-Йоркке дейін Түркияда, Өзбекстанда, Катарда немесе БАӘ-де ауысып отыру арқылы жетуге болады.

 Ауысып отыратын рейстеріңіздің арасында жеткілікті уақыт болуын қадағалаңыз, себебі сіздің бірінші рейсіңіз кешігуі немесе әуежайды ауыстыру қажеттілігі туындауы мүмкін. Егер сіздің бөлек-бөлек брондаған рейстеріңіздің біріншісі кешігетін болса немесе оны мүлде алып тастаса және сіз екінші рейске үлгермейтін болсаңыз — екінші рейсіңіз үшін өтемақы талап ете алмайтын боласыз.

 Егер сіз ауысып отыратын рейсіңізді ұзақ уақыт күте алсаңыз, билеттер арзандау түсуі мүмкін. Көп адамдар ұзақ күткен уақытта тамаққа, көлікке және өзге қажеттіліктерге кететін шығындарды есепке алмайды. 

 Сонымен қатар сізге ұшаққа ауысып отыратын елде транзиттік виза қажет болуы мүмкін. Мысалы, сіз екі бөлек билет сатып алсаңыз (ұшып шығатын ел —  басқа ұшаққа ауысып отыратын ел және басқа ұшаққа ауысып отыратын ел — ұшып баратын ел), сондай-ақ Шенген аумағында екі немесе одан да көп ауысып отыратын рейстермен немесе лоукостермен ұшатын болсаңыз, сізге транзиттік виза қажет болуы мүмкін.

Үнемдеуге көмектесетін сервистерді қолданыңыз

  • Төмен бағаларға жазылым. Бұған қолданбаның ішінде жазылуға болады: билеттің немесе бағыттың үстіндегі қоңырауға бассаңыз болғаны.
  • Төмен бағалар картасы. Егер қашан ұшатыныңызды білсеңіз, бірақ қайда ұшатыныңызды білмесеңіз, «қайда болса, сонда» нұсқасын таңдап, картадан арзан нұсқаларды қараңыз.