Бейбіт қоғам, сот әділдігі – еліміздің басты құндылығы

Бейбітшілік – адамзаттың ең үлкен құндылығы, барлық қоғамның арманы. Бейбіт өмір адамдардың дамуы, жақсылық пен әділеттілік орнату жолындағы маңызды шарт болып табылады. Бейбітшілік — тек соғыстың болмауы емес, ол барлық адамзаттың бір-бірімен түсіністік, сыйластық және ынтымақтастықта өмір сүруі. Бейбітшілік орнаған жерде адамдар білім алуға, ғылыммен айналысуға, мәдениетті дамытуға, экономикада ілгерілеуге мүмкіндік алады. Әрбір адам үшін қауіпсіз ортада өмір сүру – үлкен бақыт. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» – бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру. Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ең бастысы ел ішіндегі татулық маңызды. Тұрақты даму мүддесіне орай бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлық адамдар үшін сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және оған негізделген мекемелер құру. Кез-келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Әрбір халық пен мәдениет бірегей және ерекше. Оларды түсініп, сыйлау, әр түрлілікке құрметпен қарау – бейбітшіліктің негізі. Түсіністік орнату арқылы адамдар бір-бірінің құндылықтарын қадірлеуге үйренеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті  мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы білім алушыларды бейбітшілік пен ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Жастарды дұрыс жаққа бағыттау  арқылы қоғамды зұлымдықтан сақтап, дұрыс құндылықтарға баулуға болады. Бейбітшілік орнаған қоғамда білім беру мен денсаулық сақтау салалары дамиды, экономика өркендейді.

Соты әділ болған қоғамның болашағы зор. Әділ сот жүйесі – мемлекет пен қоғамның өзара сенімділігін қамтамасыз ететін негізгі институт. Ол заңның үстемдігін орнатып, әр адамның құқықтарының бұзылмауын, әділетсіздіктің орын алмауын қадағалайды. Қоғамда заңға деген құрмет артып, азаматтардың өз құқықтарын сезінуі үшін соттың тәуелсіздігі мен әділдігі аса маңызды. Әділ сот қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтайды. Адамдар өз құқықтарының әділ қорғалатынына сенгенде, қоғамдық келісім мен тұрақтылық орнайды. Азаматтар заң бұзушылықтардан, қиянаттардан қорықпай, өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғай алады. Бұл қоғамдағы қарым-қатынастардың ашықтығын қамтамасыз етеді, әділетсіздіктің орнын басады. тұрақтылық пен өркендеу бар. Сол себепті әділ сот жүйесін нығайтуға, оны ашық әрі қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар жалғасын табуы тиіс. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті өз тарапымыздан жоғары аталған мақсаттарға жету жолында үлесімізді қосудамыз. Оқытушылар құрамы студенттермен дөңгелек үстел,акциялар,пікірсайыс т.б өткізуде. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ел болып бірлесіп, өмірдің бар қызығын бірге көріп, бейбіт еңбек етсек қана ертеңгі күннің жарқын болары сөзсіз.

Турсынкулова Д.А.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті

мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік

құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к..