Бейжіңде Республика күніне арналған балалар арасындағы шахмат турниры өтті
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде Республика күніне арналған балалар арасындағы шахмат турнирі өтті.
Іс-шараның ашылу салтанаты барысында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің дипломаттары Республика күні туралы қысқаша мәліметпен және оның Қазақстанның қазіргі тарихындағы маңыздылығымен таныстырды.
Турнирге қазақ дипломаттарының балалары, сондай-ақ Орталық Азия және Еуропа елдерінің өкілдері қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандарға және қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі